Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 7,6 млрд теңге аударған
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 15:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медициналық сақтандыру қорына Маңғыстау 7,6 млрд теңге аударған

10 Марта 2019 (17:38) | 1651 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңға Медициналық сақтандыру қорына, Маңғыстау облысы бойынша 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл – жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі уақытта түскен сома. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы хабарлады.

 

 

* 7,6 млрд теңгесінің (шамамен 97,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 0,18 млн теңге (2,5%) жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Маңғыстау жарна төлеу бойынша, аймақтар ішінде 7-орында тұр, - дейді ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Жанетта Нұрбергенқызы.

 

Республика бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу бойынша Алматы, Астана қалалары көш бастап келеді. Ал Қарағанды облысы үшінші орында тұр.

 

Айта кетейік, Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

 

Суретті ұсынған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему