Сенаторлар әскери-теңіз күштерінде...
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сенаторлар әскери-теңіз күштерінде...

6 Октября 2017 (09:05) | 1264 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстауға ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған бір топ сенаторлар іс-сапармен келді. Сенаторлар ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қарулы Күштері, Теңіз күштерінің қызметімен және Ақтау халықаралық теңіз сауда портының жұмысымен жақын танысып, мемлекеттің әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан реформаларын талқылады.

 

 

Сенаторлар алдымен Ақтау қаласындағы 29011 әскери-теңіз базасына барды. Әскери қызметшілермен тілдесіп, жұмыс барысымен танысты.

 

Мұнан кейін Ақтау халықаралық теңіз сауда портында болып, порттың даму перспективасымен танысты.

 

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басқарма төрағасы Абай Түркпенбаевтың айтуынша, «Ақтау теңіз портының өндірістік қуаты-17,7 млн. тонна. Бүгінде порт табысты жұмыс істеуде. Ол құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Шығыстан Батысқа, Солтүстіктен Оңтүстікке және кері бағытта Иран, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан мемлекеттеріне тасымалдауды қамтамасыз етеді.

 

Ақтау портының жүктерін өткізу көлемі 2017 жылдың аяғына дейін 1,5 млн.тоннаны құрайды деп жоспарланған. Порттың аумағына тоқталсақ, 79700 шаршы метр болатын ашық алаңы және 2 мың шаршы метр болатын жабық транзиттік қоймасы бар. Сыйымдылығы 13 мың тоннаға дейінгі танкерді алуға қабілетті төрт мамандандырылған мұнай құю айлағы, жалпы жүк тасымалына арналған үш әмбебап айлақ та қарастырылған.

 

 

Сондай-ақ қуаттылығы 2,5 млн. тоннаға дейін «Ro-Ro» кемелерін, қуаттылығы 2,0 млн. тонна болатын теміржол паромдық кешенін және жылына 700 мың тонна астық терминалын мамандандырылған айлаққа алып шығарды.

 

Порт жұмысымен танысқаннан кейін ҚР Парламенті Сенатының сыртқы байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі мәжілісі өтті.

 

Онда Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Қарулы Күштерінің қызметі, бүгінгі хал-ахуалы сөз болды.

 

Басқосуда Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Ж.Жанзақов, облыс әкімінің орынбасары М. Сқақов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, ҚР Шекара қызметінің директоры Д. Дилманов, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басқарма төрағасы А. Түркпенбаев баяндама жасап, броконьерлермен күресті күшейту, әскери қызметшілерді баспанамен қамту, еліміздегі теңіз кемесін жасау саласының көшбасшысы саналатын «Зенит» зауытының Ақтау қаласында филиалын ашу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

 

Өз кезегінде сенаторлар өңірдегі қорғаныс жүйесін жетілдіру мен күш-қуат органдарының әлеуетін арттыру бағыттарын талқылап, қажет болған жағдайда сенат тарапынан түрлі қолдаулар көрсететінін атап өтті.

 

 

-Бүгін өте жақсы отырыс болды деп әбден айтуға болады. Шешімін таппай жатқан өзекті мәселелер көтеріліп, ортаға салынды.

 

 

25 жылда әскери теңіз күштерінде аз жұмыс жасалған жоқ. Дейтұрғанмен Каспий маңы қауіпсіздігін арттыруда әлі көптен жұмыстар жасалуы тиіс. Бүгінгі басқосуда көтерілген мәселелердің үлкен, кішісі жоқ. Барлығы да өзекті, бұл жерде айтылған мәселелер жерде қалмайды, шешімін табуға жұмыстанатын боламыз...

 

 

 

Ақтауға осыдан 8 жыл бұрын келіппін. Қаланың бүгінгі келбеті өте ажарлы. Әдемі тұрғын үйлер, сапалы жолдар қала көркін аша түскен. Маңғыстау халқының еліміздің демографиясын көтеруге де қосып жатқан үлесі зор. Барлық жағынан өсіп, өркендеп келе жатқан маңғыстаулықтарға табыс, отбасыларына береке тілеймін,-деді өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

 

Жиыннан кейін қонақтар «Сарбаз», «Қарағанды», «Алатау» және «Орал» кемелерінде болып, теңізші сарбаздардың жұмысымен танысты. Сонан соң «Сарыарқа» әскери кемесімен ашық теңізге шықты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему