Республикалық конкурста Маңғыстау облыстық соты топ жарды
28 Февраля 2019 (14:34) | 1456 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты республика соттары арасында 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» конкурсын өткізген болатын.
Конкурсқа барлығы 16 соттан аудио-бейнежазба материалдар келіп түскен.Маңғыстау облыстық сотында конкурсқа ұсынылатын материалдарды іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылып, сот отырыстарының аудио-бейнежазбаларына сараптама жасалды. Комиссия мүшелерінің ұсынысымен респуликалық конкусқа Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашевтың төрағалығымен жүргізілген сот отырысының бейне көшірмесі жолданды.
Алқа судьялары Гүлажар Бақытжанова мен Хамида Каженова азаматтық істі қарау кезінде шеберлік қабілеті мен сөздік қорының молдығын байқатты. Сот отырысының соңында тараптарға төрағалық етуші Нұрсапа Примашев қарапайым тілмен түсіндірме жүргізіп, екі жақ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Бейнеролик барысында олардың сот отырысына көңілі толған кейпі байқалады.
Конкурсқа жоғары деңгейдегі талап қойылып, әр өңірден түскен материалдар сарапқа салынды. Нәтижесінде конкурс комиссиясы сот отырыстарының ішінен барлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жоғары мүмкіндікті пайдаланып, өте мұқият және тіл тазалығын сақтай отырып жүргізілген Маңғыстау облыстық сотының сот отырысын 1 орынға лайық деп тапты.
Облыстық сот атына Жоғарғы Сот төрағасының дипломы табысталды. Мемлекеттік тілдегі үздік сот отырысы барлық облыстық соттардың фронт-офистеріне жөнелтіліп және Сот төрелігінің академиясына оқу құралы ретінде ұсынылды.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему