Ақтауда жаңа жедел жәрдем бөлімшесі ашылды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жаңа жедел жәрдем бөлімшесі ашылды

10 Июля 2017 (10:00) | 3172 | Автор: Нурганым Имашева

Астана күніне орай 34 шағынаудандағы облыстық қан орталығының аумағынан жедел жәрдемнің жаңа бөлімшесі ашылды. Жаңа бөлімшенің дәрігерлік бригадасы облыс орталығындағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің  және Ақтау қаласындағы соңғы салынған 30, 31, 32, 33, 34, 35 – ші шағын аудандардың тұрғындарына шұғыл және жедел медициналық көмек көрсететін болады.

 

           

Тұрғындардың қуанышына айналған жаңа бөлімшенің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева және дәрігерлер қатысты.

 

           

-Бүгін-облыстық денсаулық сақтау саласында үлкен тарихи жағдай. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін және қолжетімді жедел жәрдем қызметін жақсарту мақсатында Ақтау қаласынан тағы бір жедел жәрдемнің бөлімшесі пайдалануға беріліп отыр. Жаңа бөлімше 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылды.

 

 

Сіздердің науқастарға дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету жылдамдықтарыңыз адам өмірін сақтап қалуға көп септігін тигізеді. Сондықтан да еңбектеріңізге табыс тілеймін, бөлімшенің жұмысы әрқашан абыройлы болсын,-деген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева осыдан 25 жыл бұрын аймақтағы денсаулық сақтау саласында 59 медициналық мекеме болса, бүгінгі таңда олардың қатары 145-ке жеткенін атап өтті.

 

           

Ақтау қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Болат Тайшыбаевтың айтуынша,  «Күніне қала бойынша 260 жедел шақырылым болады. Жалпы, шаһарда 17 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді».

 

           

-Өткен жылы 12 шағынауданда бөлімшеміз ашылған болатын, ол жерде 8 бригада жұмыс істейді. Бүгін қан орталығының аумағынан жаңа бөлімшеміз салтанатты түрде пайдалануға берілді. Енді жаңа шағынауданның науқастарына жедел жәрдем көлігі межеленген 15 минутта жетіп, дер кезінде медициналық көмекті көрсететін болады,-деді Ақтау қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Болат Тайшыбаев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему