Тарихи ескерткіштер туристерді тартуы тиіс
9 Июля 2017 (08:53) | 5401
|
Автор: Мира Ботабекова

Бейнеу ауданынағы сапары барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Ақпанның үйігі», «Сам қаласы» және басқа да тарихи-мәдени ескерткіштерге ат басын тіреді. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлады.
Көненің көзіндей болған жәдігерлерді қызғыштай қору керектігі сөз болды. Сондай-ақ, аймақ басшысы тарихи маңызы бар бұл ескерткіштердің туристік маршрутқа енгізіліп, саяхатшылар жиі қатынайтын жерге айналуы қажеттігін қадап айтты. «Ақпан үйігі» - осы аймақтағы ең ежелгі ескерткіштердің біріне жатады. Салыну ерекшелігіне байланысты, біздің эрамызға дейінгі бесінші ғасырға жатқызылады. Мұнда әлеуметтік дәрежесі жоғары адамдар жерленіп, мәңгілік мекен тапқан. Ал, «Сам қаласы» - солтүстiк Үстiрттегі iрi сауда орталығы болған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



