Игі істер жалғасын табуда
26 Июля 2020 (09:33) | 3715 | Автор: Нурганым Имашева
Бүкіл әлем елдеріне тараған, қаншама адамның өмірін қиған короновирус пандемиясы кезінде антына адал болған, ақ халатты абзал жандарға қолдан келгенше көмек қолын созып жатқан азаматтар аз емес.
Өткен аптада Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, сонымен қатар мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, ұжымы 26 ш/а орналасқан провизорлық стационардағы медицина қызметкерлеріне шұбат апарып берген болатын.
Агенттік Төрағасынының «Игі істер уақыты» бастамасы аясында жоғарыда аталған әріптестеріміздің сауапты ісін қолдау мақсатында, аумақтық департамент ұжымы да бүгін адам өмірін қорғауда күні-түні қызмет етіп, өз денсаулықтарын қатерге тігіп жүрген дәрігерлерге 50 литр шұбат апарып берді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұжымы атынан бүгінгі күннің батырлары, медицина қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.
Санаспайтын сағатпен, түнгі төрт пе, алты ма,
Ас ішпейтін тағатпен асығатын халқына.
Қуаныш нұр шашасың кім жетеді парқына,
Дәрігерлер жасасын адал аппақ антына.
Ақ халатты абзал жандар жетелейтін біздерге,
Ақ халатты абзал жандар бақ сыйлайтын ізгі елге.
Ақ халатты абзал жандар сенім сыйлар біздерге,
Ақ халатты абзал жандар өмір кілті сіздерде.
Ауру айтып келмейді, ауру өмір жебесі,
Көңіл - өмір ескегі, ем - бақыттың кемесі.
Алғысымыз сіздерге ақ халаттың иесі,
Денсаулығы адамның - бар байлықтың төресі.
(авт.: Дияра Асимова)
Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему