Қауіптің алдын алу шарасы
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 17:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қауіптің алдын алу шарасы

30 Июня 2017 (13:11) | 2081 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл басынан бері Ақтау қаласы аумағында 30 өрт оқиғасы тіркелді, соның ішінде 11 өрт оқиғасы тұрғын секторда орын алған (2016 жылы- 27 өрт оқиғасы), салыстырмалы түрде 4 пайызға артып отыр. Өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды. Өрттен келген шығын 125 млн. 318 135 тенгені құрады.

 

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен, Лондон қаласында 24 қабаттан тұратын тұрғын үйдегі өрт оқиғасы талқыланды, өрт салдарынан 58-ге жуық қаза болган адам саны анықталды, іздестіру жұмыстары нәтижесінде  70-ке жетуі мүмкін деген болжам бар. Өрт нәтижесінде тұрғын үй кешені толығымен жанып кеткен.

 

 

Өрттің шығу себебі анықталмаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, келесідей болжамдар бар – тоқ сымдарының ақаулығы, газдың жарылуы немесе пәтерлердің бірінде тоңазытқыштың жануы себебінен.

 

 

Ағымдағы жылдың 28 маусым күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамымен тұрғын секторлардағы өртті, өрт салдарынан қаза болатын адам шығынын болдырмау мақсатында, сонымен қатар, адам денсаулығына және өміріне төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

 

Өртті талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі шығу себептері болып мыналар табылады – біріншіден, отты абайсыздықпен қолдану; екіншіден, үй жағдайындағы тұрмыстық электр және газ қолдану құрылғыларын пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы; үшіншіден, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы мен балалардың отпен ойнауы;

 

 

33 шағын ауданның тұрғындарымен кездесіп, аула аралау жұмыстары жүргізілді. Барлық тұрғындарға өрт қауіпсіздік тақырыбындағы жадынамалар таратылып, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауы нақтыланды.

 

-Тұрғындар арасында жүргізіліп жатырған үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген мұқият болуы қадағаланады деген үміттеміз, - дейді біздің басылымға осы ақпаратты жолдаған Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Роза Тубекбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему