Балалар дәрігері Зураб Цхадая Мәскеу төрінде марапатталды
11 Марта 2018 (13:03) | 1425 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының кезекші хирург- дәрігері Зураб Цхадая «Еуразиялық мемлекеттер Одағының құрметті дәрігері» және «Еуразиялық мемлекеттер Одағының құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды. Қос марапат білікті дәрігерге қоғамдық халықаралық марапаттар ұйымның шешімімен Мәскеу төрінде тапсырылды.
-Марапатты салтанатты тапсыру рәсімі Мәскеуде 25 ақпан күні өтті. Шынын айту керек, мұндай марапаттың маған берілетіні жөнінде сол жерде білдім. Таңданғаным рас.
Мені осы марапатқа лайық деп тапқан жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бұл көп жылғы еңбектің жемісі, науқастардың ілтипаты мен алғысы деп білемін.
Қоғамда өзіндік салмағы бар халықаралық ұйым мен жайында біраз зерттепті, науқастардың пікірлерін де зерделеген, марапатқа лайық деп таппас бұрын үлкен жұмыс атқарғандарын айтты,-дейді Зураб Цхадая.
Ақтау қаласында 20 жылға жуық уақыттан бері табысты еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер Зураб Цхадая мыңнан астам баланы ажал аузынан аман алып қалып, елдің алғысына бөленді.
Әріптесімізді қос марапатымен құттықтап, еңбегіне табыс, отбасына бақыт тілейміз.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі
Суретті түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему