Халықаралық байқауда жеңіске жетті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 07:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Халықаралық байқауда жеңіске жетті

22 Января 2017 (08:53) | 2058 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

            МаңғыстауөнерколледжініңІ курс студенті Рашид Рахимов Алматы қаласын да өткен Халықаралық пианистер сайысынан жүлдемен оралды. Байқауға еліміздің 14 облысы менРесей, Қырғызстан мемлекеттерінен 68 үміткер қатысқан. 9 бен 20 жас аралығындағы қатысушылар 6 санат бойынша бөлініп, өнер көрсеткен жарыстың талабы бойынша ересек пианистер үш шығарма орындау арқылы шеберлігін дәлелдеуі қажет болған. Мәскеу, Бішкек, Астана, Алматы қалаларының белгілі пианист-профессорлары құрамына енген қазылар алқасы сайыс керлердің шығарма орын даудағы кәсіби шеберлігіне бағаберген.

            Он жасынан бастап Ақтау қаласындағы балалар музыка мектебінде фортепьяно сыныбында ұстазы Наталья Викторовна Пихтеревадан дәріс алып, пианино аспабының қыр-сырын үйренген Рашид, классикалық музыканы сәби шағынан жаны қалаған. Сол кездің өзінде-ақ балабақшада жүріп, өздігінен пианистің ойынын салып отыратынын байқаған тәрбиешісі Рашидтің анасына: «Осы балаңыз түбінде музыкант болатын шығар» деген екен.

Музыканы жанындай жақсы көретін жас өнерпаз  бүгінгі күнге дейін бірнеше республикалық және Халықаралық конкурстарға қатысып, олардан үнемі жүлделі оралғаны туралы бұрын да жазған болатынбыз.  14 қаңтар күні Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияның камералық залында өткен Аида Исакова атындағы Халықаралық пианистер конкурсының шарты бойынша сайыс кезінде Рашид С.Рахманиновтың «Этюд-картинасын», Ф.Листтің «Венгерская рапсодия №13» және Аида Исакованың «Көктемгі нөсер» шығармаларын орындаған.

Ұлына жанкүйер ретінде Алматы қаласына барған анасы Ақзира Рахимованың айтуынша, «Қазылар алқасының құрамында болған профессор В.М.Тимофеева Ақтаудан келген жас пианистің өнері ерекше ұнады маған. Мен өз бағамды қойғанда оған Бас жүлдені беруді ұсынған едім», - деп, сайыстан соң естелікке бірге суретке түсуге өтініш білдіргенде, бірден келісіп қана қоймай, Рашидтің өнеріне өз бағасын беріп, оның ұстазына ризашылығын білдіріпті.

- Ұлым, өз ұстазы Куван Нуриевич Мейманбаевпен осы конкурсқа өте көп дайындалды. Бос уақытында да классикалық музыканы ұзақ тыңдайды. Әлемдік деңгейдегі музыканттарды өзіне үлгі тұтады. Халықаралық сайыстағы жеңісі үшін алғашқы ұстазы Н.Пихтереваға, колледждегі ұстазы К.Мейманбаевқа және «Маңғыстау өнер колледжінің» басшылығы мен фортепьяно бөліміне алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, бізге сайысқа қатысуға қаржылай қолдау көрсеткен «Өнер-өмір» Қоғамдық қорына (директоры Жәмила Қадыроваға, Президенті - Анар Жаңбырбаеваға) көп рахмет, - дейді Рашидтің анасы Ақзира Рахимова.

Байқаудың қорытындысы бойынша, І орынмен қатар Рашидке «Аида Исакованың шығармасын үздік орындағаны үшін» арнайы дипломы да беріліпті.

«Маңғыстау өнер колледжінің» директоры Жайнаш Манова:

-Біздің колледжде бірінші жылы оқып жатқан студентіміз – Рашид Рахимовтыталанттылардың қатарына қосамыз, әрине. Бұған дейін музыка мектебін тамадаған жастың талабы зор. Үмітімізді ақтап, Халықаралық конкурстан жүлдемен оралғанына қуаныштымыз. Ұстаздарының еңбегі зор екені сөзсіз, - деген пікірін білдірді..

Бұдан бұрын 2015 жылы Новосибирск қаласында өткен Халықаралық байқауда Бас жүлдені иеленген Рашидтің өнеріне тәнті болған ресейлік ұстаздар жас талантты Мәскеуге оқуға шақырған. Атырауда өткен Халықаралық сайыста Бас Жүлде алғанда да жас өнерпазға Астраханьда оқуға ұсыныс түсіпті. Өзінің өмірін музыкамен байланыстыруға бел буған жас талап колледждегі оқуын аяқтаған соң консерваторияға немесе Өнер Академиясына түсіп, жоғары білім алуды армандайтыны жайлы айтты.

-Сайыста І орын алып, ұстаздарымның, ата-анамның үмітін ақтағаным үшін қуаныштымын. Болашақта Жәния Әубәкірова, Гүлжәмилә Қадырбекова және Тимур Аманчеев сияқты атақты музыканттардай үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстанды әлемге танытуды қалаймын, - деді жеңімпаз болып оралған Рашид Рахимов.

Ерінбей тер төгіп, тыңғылықты дайындалудың арқасында үлкен сайыста жеңіске жеткен жас талант енді наурыз айында Астанада өтетін жас пианистердің республикалық байқауына дайындалатын болады. Сонымен қатар, сәуір айында Италияда өтетін Халықаралық сайысқа да шақырту алған.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему