Ақын Жүрсін Ерманмен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақын Жүрсін Ерманмен кездесу өтті

29 Июня 2017 (18:41) | 2084 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау өңірінің жұртшылығы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен жүздесті. Ақын Жүрсін Ерман мен Болат Шарахымбай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының маңызын қалың бұқараға жеткізді. Зиялы қауым өкілдерімен болған кездесуде мәдени-тарихи жауһарларымызды шетелге таныту, жас ұрпақ бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, латын алфавитіне көшу, елдің дамуына сүбелі үлес қосқан 100 жаңа есімді анықтау мәселелері қызу талқыланды. «Отанын шын сүйетін әрбір қазақ туған жеріне келіп, туып-өскен ауылын түлетуге ұмтылуы тиіс. Бұл – туған жер алдындағы перзенттік парызымыз»,-дейді Жүрсін Ерман. Мұндай мазмұнды кездесулер Жаңаөзен қаласымен Мұнайлы аудандарында жалғасады.

 

 

ЖҮРСІН ЕРМАН, ҚР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН

 

 

-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дейтін бағдарламасы бұл әншейін қол жете салатын кезекті құжаттарының бірі емес, халық түсінуге тиісті нәрсе. Ұлт болып қалыптасамыз, халық болып ұйыймыз десек біз өзіміздің тарихымызды, дәстүрімізді, салтымызды меңгеруіміз керек. Тілімізді түзеуіміз керек. Балаларымызды осы заманғы оқулықтармен дайындап, туған жеріне оралып, әркім өз жүрегінде жаңғыру, өзгеру керек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему