1 маусымнан бастап Маңғыстау станциясынан 4 бағытқа жолаушылар пойыздарының қозғалысы басталады
29 Мая 2020 (10:38) | 1794 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 маусымнан бастап Маңғыстау вокзалынан Нұр Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Бейнеу бағыттарына жолаушылар пойыздарының қозғалысы басталмақшы.
Жолаушылар міндетті түрде қорғаныс құралдары, яғни бетпердесі мен жол жүру билеті болған жағдайда вокзал ғимаратының негізгі кіреберісінен кіргізіледі. Алдымен жолаушыларды байланыссыз термометрия арқылы тексеру жүреді. Жоғары температурасы немесе тұмау белгілері байқалған жағдайда жолаушылар пойызға жіберілмейді және вокзал ғимаратына шығарып салушылардың кіруіне тыйым салынады.
Үйден шығар алдында 20 минут бұрын дене қызуын өлшеу керек. Егер дене қызуы 37 немесе одан жоғары болған жағдайда үйде қалып, жергілікті дәрігерлерге хабарласу қажет.
-Темір жол вокзал ғимаратына және вагондарға міндетті түрде бетпердемен кіруге және ара-қашықтықты сақтауға тиіс. Осыған байланысты жолаушылардан ерте келуі сұралады. Жолаушыларды дүрбелең жасамай, бір-біріне кемінде 1 метр қашықтықта тұруын, карантин режимін сақтап, осы жағдайда түсіністікпен қарап, сабырлық танытуларын сұраймыз, - деді Маңғыстау теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова.
Айта кетейік, жол жүру сапарында жолаушылар міндетті түрде өзімен бірге қорғаныш құралдарын, маска, қолғап және антисептик алып жүруі қажет.
Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему