Бөбектер үйінде 19 бала бар
19 Марта 2017 (17:17) | 1868 |
Автор: Мира Ботабекова
Қам көңіл балаларға қуаныш – сыйлау сауапты іс. Осы ұстаныммен Облыстық мамандандырылған балалар үйінде бөбектер үшін Наурыз тойы өтті.
Мұнда жаңа туылған нәрестеден 4 жасқа дейінгі аралықта 19 бала мемлекет қамқорлығына алынған. Туыла салып тағдыры талқыға түскен бөбектердің денсаулық жағдайы тұрақты бақылауда.
Бүгінгі шара үшін сәбилер үйінің үлкен залында арнайы киіз үй бұрышы дайындалған. Мерекелік дастархан жайылып, бөбекерге сыйлықтар үлестірілді.
* Біздің балаларымызға деген көмек аз емес. Бүлдіршіндердің саулығын тексеріп жақында
ғана Алматылық невропотолог-маман келіп кетті. Ұлық мереке қарсаңында оларға біздің қызметкерлеріміз айырықша көңіл-күй сыйлай алды деп ойлаймын. Баршаңызды жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз – деп, Облыстық мамандандырылған балалар үйінің директоры С. Ермұханова.
Баланың бақыты – елдің бақыты. Жаңа жылда сәбилердің амандығы мен денінің саулығын тіледік! Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Б.Әнуарбек.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему