Облыс әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады
27 Июня 2017 (20:49) | 2740 |
Автор: Мира Ботабекова
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі осы саланың үздіктерін құттықтады. "Хан шахар" салтанатты сарайында өткен мерекелік жиынға байланыс және ақпарат саласындағы ардагерлер мен журналистер қатысты. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Маңғыстау облысының бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудағы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін 18 БАҚ қызметкеріне алғыс хат табыстап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Бұл жиында сондай-ақ облыстық "Огни Мангистау" газетінің 50 жылдық мерейтойы да аталып өтті.
Шара аясында мереке иелерінің құрметіне орай аймақ өнерпаздары ән айтып, би билеп, кеш көркін қыздыра түсті.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему