Ақтау гарнизонының Әскери соты жаңа ғимаратқа көшті
Курс валют в Актау
на 05/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
5 Декабря, 00:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау гарнизонының Әскери соты жаңа ғимаратқа көшті

20 Июня 2017 (12:59) | 2464 | Автор: Мира Ботабекова

Мемлекет басшысы Судьялар одағының VI съезіндегі сөзінде  «Ұлттың жетілгендігінің XXI ғасырдағы аса маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот жүйесінің болуы», - деп нақты айтты.

 

 

Ақтау қалалық сотының екінші қабатында орналасқан Ақтау гарнизоны Әскери соты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген бұрынғы облыстық соттың ғимаратына көшті.

 

 

Айта кету керек, ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Алановтың қолдауымен жүргізілген болатын.

 

 

Бүгін Ақтау гарнизоны Әскери сотына  арнайы барған Жақсылық Аланов Елбасының сот жүйесін дамытудағы ерекше рөлін айта келіп, жаңа ғимаратқа көшкен  сот ұжымын құттықтап, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі

 

 

Өз кезегінде Ақтау гарнизоны Әскери сотының  төрағасы Марат Алдабергенов сот отырысы залдары дыбыс-бейнежазба құрылғыларына толық қосылғандығын, судьялар мен мамандардың жұмыс жасауына барлық жағдай жасалғанын, ғимаратта күту залы, кодификация, мұрағат және т. б. орналасқанын, қажетті ұйымдастыру техникасымен және жұмсақ жиһаздармен жабдықталғанын тілге тиек етіп, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Алановқа, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епеноваға алғысын білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему