Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы
19 Июня 2017 (15:14) | 4904 | Автор: Нурганым Имашева
Биыл Қазақстан полициясына 25 жыл толып отыр. Атаулы жылдар ішінде Маңғыстау облысы ІІД-нің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы ұжымының бұл қызметтің тарихына қосқан үлесі зор.
Маңғыстау облысының ішкі істер органдарының қаржымен қамтамасыз ету басқармасының жұмысы 1973 жылдардан басталған.
Басқарманы сол кезде ішкі қызмет майоры Спицын Алексей Семенович басқарған. Штаттық құрамы 7 қызметкерден тұрған. Әр жылдарда осы басқармаға милиция полковниктері Ерков Олег Владимирович, Курбанов Шавхат Шамсудинович, ішкі қызмет майоры Симонова Екатерина Тимофеевна, Богомолова Рима Николаевна, ішкі қызмет подполковнигі Мендалиева Әміт Парахатқызы, 2007 жылдан бастап 2015 жылдың қазан айына дейін полиция полковнигі Аңшыбаев Алтай Кенжетаевич басшылық еткен.
Қазіргі кезеңде басқарманы ішкі істер органында 2000 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы ІІД-де және 2011 жылдан бастап Маңғыстау облысы ІІД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген, 2015 жылдың қазан айында Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған полиция майоры Иргалиева Жанар Сагидуллиқызы басқаруда.
Ол өз қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырып, жоспарлы түрде алға қойған мақсаттарына жетіп, қарамағындағы қызметкерлерге әдіс көрсетіп, қолдау білдіріп отырады.
Бұл қызмет жеке құрамның әрбір қызметкерінің еңбек жалақысын уақытылы төлеу, материалдық көмек көрсету, бюджеттік қаражатты уақытылы игеру қызметтерін атқарады.
Атаулы жылдар ішіндегі Басқарма қызметкерлері еңбектегі жетістіктері үшін «Құрмет грамотасымен», Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтан «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Үздік қызметі үшін» медалімен және басқа да бірнеше наградалармен марапатталған.
Басқармада 22 адам қызмет етеді. Мұндағы қызмет бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі, материалды есепке алу тобы, жеткізушілермен және есеп беретін адамдармен есеп айырысу және жиынтық беру тобы, жоспарлау және қаржыландыру тобы және еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындаубөлімшесі мен канцеляриядан құралады.
Осы басқарманың ерекше атап кететін қызметкерлері де бар, олар – Шваб Татьяна Тимофейқызы ІІО-да 1978 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, Қазақстан Республикасының Министрінен «ІІО-да 40 жыл қызмет атқарғаны үшін» медалімен, Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің «Алғыс» хатымен марапатталған.
Каржауова Балбопе Атабайқызы ІІО-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді, 2011 жылы қараша айында Маңғыстау облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Алғыс» хатымен, 2016 жылы Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтан «Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» құрмет грамотасымен өтпелі кезеңнің әртүрлі қиындықтарынан сүрінбей өтіп, жеткен жетістіктері үшін марапатталған.
Нурушова Сания Абдрахманқызы ІІО-да 1996 жылдан бастап қызмет атқаруда, Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтан «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен, Маңғыстау облысының Қаржы басқармасынан «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Аталған қызметкерлер қызметін адал атқарғаны үшін басқа да грамоталармен, алғыс хаттармен, медальдармен марапатталған.
Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы - ІІД ведомстволық бағынысты бөліністері мен қызметтері ұсынған бюджеттік өтінімдерді тексереді және талдайды. Экономикалық талдау жүргізеді және ІІД тиісті қаржы жылына арналған жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастырады, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда жиынтық бюджеттік өтінімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ІІД-нің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты пайдаланып, толығымен жоспарлы игерілуін қадағалауда.
Бұл ақпаратты біздің басылым сайтына Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі жолдаған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
отмена