Төтенше жағдайлар департаментімен Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байқаудың жеңімпазы анықталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төтенше жағдайлар департаментімен Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байқаудың жеңімпазы анықталды

19 Декабря 2019 (10:16) | 1764 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар жұмыстар ұйымдастырылған».

 

 

Іс-шараларға Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірге 8 үкіметтік емес ұйым атсалысқаны белгілі болды.

 

Олар:

 

1) «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы;

 

2) «Jas Otan» Жастар қанаты;

 

3) «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі;

 

4) «Маңғыстау облысының өрттен-құтқару спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігі;

 

5) «Балаларға арналған денсаулық» қоғамдық бірлестігі,

 

6) «Луара» қоғамдық қоры

 

7) «Алас құқықтық қамсыздандыру орталығы» қоғамдық бірлестігі

 

8) «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі.

 

-Бірлесіп атқарылған жұмыстар нәтижесі сараланып 2019 жылғы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Үздік әлеуметтік серіктес» атағын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты иеленді.

 

«Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесіп ағымдағы жылы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың бірегейі:

 

2019 жылдың жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі мен улы газдан сақтану шараларын түсіндіру бойынша 708 тұрғынды қамтыған 9 аулаларды аралау, әлеуметтік осал топтарына жататын 78 тұрғындарға 10 рейд шаралары, өрт сөндіру бөлімдері мен өрт-техникалық орталықтарына 1000 баланы қамтыған 7 саяхат, автокөліктердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 10 түсіндіру шаралары ұйымдастырылды, ғимараттан қауіпсіз жерге эвакуациялауды үйрету мақсатында 457 адамды қамтыған 5 жаттығу жұмыстары, 789 адамды қамтыған 21 дәріс және әңгімелесу өткізілді, Департамент базасында 242 адамды қамтыған 8 ашық есік күні өтті,-деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Фотоны түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему