Боксшының құрметіне арналған спорттық киімдер нарыққа жол тартады
15 Июня 2017 (13:28) | 3547 | Автор: Мира Ботабекова
Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың құрметіне арнап, "Адока" спорттық киімдер желісі шығарылды. Бала күнінде Әділбекті отбасы, жақындары Адока деп атаған. Сондықтан киімдер желісіне "Адока" аты берілді.
"Адока" спорттық киімдері балаларға арналған. Мақсат - қос бірдей олимпиада жүлдесін сыйға тартқан, талантты былғары қолғап шебері Әділбекті әлемге таныстыру, сондай-ақ, Әділбектей спортшы болғысы келетін балалардың қызығушылығын арттыру,-дейді жоба авторлары.
"Адока" спорттық киімдерінің қысқы және жазғы түрлері бар. Жазғы спорттық киімдерді маңғыстаулық оқушылар Астанада өтіп жатқан "Экспо - 2017" көрмесіне киіп барып, көпшіліктің назарына ұсынбақшы. Сонымен қатар, "Адока" брендінің киім үлгілерін бірқатар елдердің әуежайларына қою мәселесі де қарастырылып жатыр.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему