Құрметті еңбек демалысына шығарып салды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 23:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құрметті еңбек демалысына шығарып салды

15 Декабря 2018 (14:35) | 3772 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Ақтау қаласы №1 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Рахат Дакешовты құрметті демалысқа шығарып салды.

 

 

Зейнеткерлікке шығу - әр адамның өміріндегі ерекше оқиға, өмір жолының үлкен бөлігі өткен, маңызды оқиғалар мен әрекеттер жасалған және өз қызметінің нәтижесін қорытындылауға және жемісін алуға уақыт болған сәт.

 

Барлық ұжым қызметкерлері жиылып, мереке себепкеріне салтанатты түрде естелік сыйлық табыс етті. Өртсөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Амирбеков адал қызметі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, бақ-береке, азаматтық өмірде табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

 

«Әрине, мұндай азаматтар лайықты демалыс үшін қызметкерлер қатарынан кететіні өте өкінішті, бірақ бұл болашақ жолдағы әрбір адамның өмірі мен таңдауы.

 

 

Рахат Дакешов сөз кезегі берілгенде жолдастарына:

-Өрт сөндіру қызметінде мен 11 жылдан астам уақыт жұмыс істедім және осындай ұжымда қызмет еткенімді мақтаныш тұтамын. Мен қызметпен қоштаспаймын, менің бұдан кейінгі қызметім осындай құрылыммен байланысты болады. Әріптестермен және достармен қоштасу сәл көңілсіздеу оқиға. Мен жеке құрам мен басшыларға көптеген жылдар бойы бірлескен жұмысы үшін ризамын. Барлығы үшін тағы да рахмет! Мен «әрдайым байланыста боламын» деген сөзіме адал боламын, - деді.

 

Шара соңында қызметкерлер ортақ естелік суретке түсті»,- делінген Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жолдаған хабарламада.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему