Шетелдік инвесторлар Маңғыстауда 2 миллард доллар көлеміндегі жаңа жобаларды жүзеге асыратын болды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетелдік инвесторлар Маңғыстауда 2 миллард доллар көлеміндегі жаңа жобаларды жүзеге асыратын болды

19 Мая 2019 (10:11) | 1747 | Автор: Нурганым Имашева

Елордада жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы өтті (KGIR-2019). Бұл үлкен шараға биыл алғаш рет Маңғыстау облысы да қатысты.

 

 

Маңызды инвестициялық жиында 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшылары, халықаралық сарапшылар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері басқосты. Олардың қатарында 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және өзге ірі компаниялардың топ-менеджерлері болды.

 

 

Форум аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жапония, Қытай, Корея, Түркия, Франция елінен келген 10-ға жуық шетелдік жетекші компаниялардың өкілдерімен келіссөздер өткізіп, газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil» компаниясы (Сингапур) метанол және олефиндерді өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

 

 

Өңір басшысы қол қойған тағы келісім шетелдік компаниялардың қатарында көлік және тасымалдау саласында өзіндік орны бар «Shanghai Ace Investment group» корпорациясы. Шанхайлық компанияның өкілдері «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүк қоймасының құрылысын бастауға құлшыныс танытуда.

 

 

Сонымен қатар, ынтымақтастық жөніндегі маңызды келісімнің келесісі - Ақтау мен Ляньюнган қалалары, Құрық пен Ляньюнган порттары арасында жасақталды. Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында шетелдік инвесторлармен жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды.

 

 

Форум барысында Маңғыстау облысында жаңа жобаны қолға алып, іс бастау үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылғанын атап өткен аймақ басшысы Ералы Тоғжанов, инвесторларды өңірде қазба байлықтарын игеру, ауыл шаруашылығы, туризм секілді салаларда әріптестік орнатуға шақырып, әкімдік тарапынан кез-келген инвесторға қолдау көрсетілетініне сендірді.

 

Суреттер облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему