Жер дауларын сотта шешу тәртібі
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 07:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жер дауларын сотта шешу тәртібі

12 Апреля 2018 (17:18) | 6607 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан - жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын мемлекет. Ата-бабамыз осынау кең байтақ жерді ақ білектін күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. Сондықтан да, жер - біздің басты байлығымыз. Қазіргі таңда еліміздегі жер дауына қатысты барлық мәселелер азаматтық заңнамаға сәйкес реттеледі.

 

 

Бүкілхалықтық реферемдумда қабылданған Конституциямыздың 6-бабында жерге мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншік құқығы танылатындығы жазылған.

 

Осыған байланысты 1995 жылдың 22 желтоқсанында Президенттің заң күші бар Жарлығы қабылданып, елімізде тұңғыш рет жерге меншік құқығы енгізілді.

 

Аталган Жарлықты одан әрі жетілдіру мақсатында елімізде 2001 жылы 24 қаңтарда «Жер туралы» заң қабылданды. Осы жылдар ішінде аталған заңдарды іске асыру мақсатында Жер ресурстарын басқару агенттігі Үкіметтің бірнеше актілерін дайындаған болатын. Жер кодексі іс жүзінде жер қатынастарының реттелуіне негіз болды.

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 22-бабына сәйкес, жер теліміне меншік құқығын табыстау меншік құқығын беру, меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы арқылы туындайды.

 

 

Жер телімінің меншік құқығы мемлекеттік органдар актілерінің, азаматтық-құқықтық мәмілелердің, Қазақстан Республикасының заңында кезделген өзге де негіздер арқылы пайда болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес, «Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы».

 

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық міндеттемелермен бірге басқа адамға беріледі. Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заң жүзінде қамтамасыз ету. Меншік иесі өз мүлкін иеленіп, пайдаланумен қатар, оған билік ете алады. Меншік иесі өзінің құқығы бұзылған жағдайда пайда болған құқықбұзушылықтарды жоюды талап етуге құқылы.

 

Жер кодексінің 25-бабының 1 тармағына сәйкес, «Жер телімінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсат алмай-ақ өз қалауынша жерге иелік ету, пайдалану, билік ету құқығын жүзеге асыра алады».

 

 

Жер телімінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзінің жер телімін өзгенің заңсыз иелігінен босатуды талап етуге құқығы бар. Өз бетінше мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан иеленіп алған жер телімін кері қайтаруды талап етуді жер телімі орналасқан жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

 

Заңсыз иеленуші әкімшілік құқығын бұзушылық туралы заңнамада көзделген жазалау шараларын қолдану сәтінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өз бетінше иеленіп алған жер телімін босатуға міндетті және сол жер телімінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз бетінше иеленіп алған жер телімін босату және сондай-ақ телімінде салынған құрылыстарды бұзу бойынша заңсыз иесіз міндеттерді орындамауға байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

 

Жер теліміне құқық белгілейтін құжат –т уындаған заңды фактілерді растайтын құжат. Сол құжаттардың негізінде жер теліміне берілген құқық туындайды, өзгереді немесе тоқтатылады, соның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұраға құқық куәлігі, жер телімін меншік құқығында иеленген өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қайта құрылған кезде мұраға құқық куәлігін өткізу актісін немесе бөлу балансы, сонымен қатар, жер теліміне сәйкестендіру құжаттары болуы тиіс.

 

Бұл дегеніміз - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажет жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

 

 

Істердің аталған санаты бойынша сотқа, әдетте, мынадай талаптар түсіп жатады:

1)жер телімін өзгенің заңсыз иелігінен талап ету туралы;

2)мәміленің жарамсыздығын мойындау туралы;

3)жер телімін пайдалану тәртібін белгілеу туралы

4)меншік құқығынан айырумен байланысты емес құқық бұзушылықтарды жою туралы.

 

Жер теліміне меншік құқығы және жер пайдалану азаматтық кодексте және де басқа заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады. Жер телімін өзгенің заңсыз иелігінен қайтару талабы туралы дауларды шешу, жер телімін пайдаланудағы кедергілерді жою кезінде талапкердің атынан талап етілетін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап арызы бойынша жер телімін белгілі-бір тәртіппен алып қою заңда көзделген және сот тәртібіне сәйкес шешіледі. Осы ретте, дауды сотқа дейін алдын-ала реттеудің тәртібі заңда көзделген.

 

Жер теліміне құқық орнататын құжаттар талап арызға қоса берілуі тиіс. Істі сот талқылауына дайындау аясында сот тараптардың өзара қатынастарын, даулы қатынастардың пайда болған уақытын, себебін анықтау, тараптарға даулы жер телімдеріне құқығын орнататын және сәйкестендіру құжаттарын ұсынуы қажет. Дауларды ауқымды бөлігін жер телімдерін босату бойынша талап арыздарға қатысты істер құрайды.

 

Жер телімдерін босату туралы талап арыздардың берілуіне жеке және заңды тұлғалардың рұқсатсыз жер телімін өз бетінше иеленуі негіз болып табылады. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін жер телімін алып қою және өз бетінше иеленіп алынған жер телімін босатуға қойылатын талаптарды ажырата білу керек.

 

Егер тұлға өз бетімен құрылыс салған жағдайда Азаматтық Кодекстің 244 бабы, 3,4 тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлғанынң өз есебінен бұзуына негіз болады. Осы жер телімі белгіленген тәртіп бойынша тұрғызылған құрылысты салуды жүзеге асырған жағдайда салынған құрылыс сот шешімінің негізінде тұлғаның меншігі деп табылады.

 

Бір жер теліміне құқықты белгілейтін құжат түрлі тұлғаларға берілген жағдайда туындайтын даулардың елеулі бөлігін құрайды, сондай-ақ жер телімдерінің меншік иелері арасындағы даулар жер телімінің шекарасы бұзылған жағдайда пайда болады. Өзінің жер телімін бөлу және қайта бөлу процессінде жерге орналастыруды жүргізу кезінде берілген жер телімін пайдалану құқығы жайлы мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін, меншік құқығын және жер пайдалану құқығы туралы мемлекеттік актілерді жарамсыз деп танылған кезде істер қозғалады.

 

Меншік құқығын және жерді пайдалану құқығын ұсынған немесе тоқтатқан кезде жер заңнамасы нормалардың бұзылуы, азаматтарға жер теліміндеріне құқық беру, олардың шекарасын белгілеу туралы әкім шешімдері мен әкімдік қаулыларының заңсыздығы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың әрекетсіздігі туындайтын даулардың негізгі себептері болып табылады.

 

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

 

Ержанова Райхан Шалдаровна

 

Суреттер Ак Жайык, Qamshy.kz, sobitie.com.ua, p-blagovest.ru сайттарынан алынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему