Бекіре балығын заңсыз сатқан
10 Июня 2017 (20:10) | 1426 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзен қаласында бекіре тұқымдас қызыл балықты сатпақ болған тұрғын ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы хабарлайды. Бұрын сотталмаған азамат қызыл кітапқа енген асыл тұқымдыны үйіне сақтаған. Заңсыз жолмен тапқан олжа азаматқа абырой әкелген жоқ. Салмағы 230 келі болған қызыл балықты күдікті үйінде сақтап, келушілерге саудалаған. Енді бұл азамат, аулауға мүлдем тыйым салынған бекіре тұқымдас балықты аулағаны үшін қатаң жауапқа тартылады дейді құзырлы орган мамандары.
Руслан Боранқұлов - Жаңаөзен қалалық прокуратурасының прокуроры:
-Жаңаөзен қалалық Прокуратураның тексеруі нәтижесінде Рахат ауылынан заңсыз бекіре балығын сақтаған тұлға анықталды. Осыдерек бойынша алдағы уақытта қылмыстық кодекстің 339-бабымен кінәлі тұлғаға қатысты іс қозғалып жауапкершіліккетартылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему