Ақтау қаласының құтқарушылары балаларға суда жүзу ережелерін түсіндірді
10 Июня 2017 (12:04) | 2528 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖ департаментіне қарасты «Жедел-құтқару жасағы» ММ Ақтау қаласындағы «Оқушы» орталығының «Жас құтқарушы» үйірмесі балаларына арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Үйірме жетекшісі Зайцева Валентина Петровна балғындарды жедел-құтқару жасағы орналасқан аумаққа бастап келді.
Іс-шара барысында балаларға қолда бар жүзу құралдары, сүңгуір құрылғылары және Газель автокөлігіне орнатылған авариялық-құтқару құралдары мен қондырғылары көрсетілді.
-Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - оқушыларға құтқарушының жұмысы туралы айтып, таныстыру, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықтарын ояту және балаларға суда жүзу ережесін түсіндіру болатын, - дейді «Жедел-құтқару жасағы» ММ құтқарушылары.
Суда құтқарушылар балаларға өздерінің қызметі туралы әңгімелеп берді және арнайы құрылғыларды көрсетіп, оларды қалай қолдану керектігін түсіндірді. Одан соң балалардың қызығушылығын тудырған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында ержүрек құтқарушы ағалары балаларды катерге отырғызып, теңізде қыдыртты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему