«Мен бақытты баламын» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Курс валют в Актау
на 27/03/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
27 Марта, 11:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Мен бақытты баламын» байқауының жеңімпаздары марапатталды

9 Июня 2017 (19:23) | 3249 | Автор: Нурганым Имашева

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 7292info.kz сайты бүлдіршіндердің үздік фотосуреттері арасында байқау өткізді. Байқауды ұйымдастыруға қолдау білдірген – «Маңғыстау Медиа» ЖШС және Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы.

 

 

Байқаудың мақсаты – сәбилердің мерекесін көңілді атап өту, оларға және ата-аналарына жақсы көңіл-күй, қуаныш сыйлау.

 

Адамның бір қызығы бала деген,

 

Баласыз көңіл шіркін толар ма екен, - деп ұлы Абай бір ауыз сөзбен түйіндегендей, біздің бар қызығымыз осы – балалар. Олар – көңілдің гүлі, көздің – нұры. Бүлдіршіннің әр күнін шаттыққа бөлеу – ең басты міндет. Себебі оның жүзіне үйірілген күлкі – ата-ананың шексіз бақытына себепші.

 

Байқаудың шарты бойынша, 7 жасқа дейінгі балалардың күлкілі, тосын жағдайда түскен фотоларын редакцияға жолдау керек. Өтініш білдірген 100-ден аса суреттің үздік деген 18-і дауыс беруге қатысты. Оның ішінен 5 бүлдіршіннің суреті оқырманның көңілінен шығып, басым дауысқа ие болды. Олар:

 

Ақнұр Қашаған – Бас жүлде (373 ұпай);

Қоныс Еңлік – 1 орын (305 ұпай) ;

Рашид Көркем – 2 орын (240 ұпай);

Өтеген Ілияс – 3 орын (219 ұпай);

Үмітай Бейсенова – ынталандыру сыйлығы (140 ұпай);

 

Маусым айының 7-сі күні теңіз жағалауында сайыс қорытындыланып, марапаттау рәсімі өтті. Шараға «Маңғыстау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Журналистер Одағының мүшесі – Ғалым Әріп, танымал эстрада әншісі, жерлесіміз – Бердібек Құлғараевкеліп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды құттықтады.

 

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен «MARWIN» балалар тауарлары дүкенінің қаржылай сертификаттары табысталды.

 

Шара соңында естелікке суретке түсіп, сыйлыққа ие болған тұрғындар мәз-мейрам болып тарқасты. 7292info.kz сайты оқырмандарына қуаныш сыйлауға әрқашан әзір. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын табатын болады.

 

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ 

012345

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
загрузка...