Балалардың жазғы сауықтыру алаңдарындағы тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістері талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балалардың жазғы сауықтыру алаңдарындағы тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістері талқыланды

5 Июня 2017 (10:51) | 3731 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында (ПҚ БАИ) «Балалардың жазғы сауықтыру алаңдарындағы тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.

 

Бұл туралы біздің басылым сайтына аталмыш институттың Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, тренері Р.Бабаева хабарлады.

 

-Жазғы сауықтыру алаңдарының мамандары қатысқан семинар алдына тәрбиеге жаңа көзқарас негізінде балалар демалысын ұйымдастыру және сауықтыру мекемелерінде педагогикалық үрдісті табысты жүзеге асыра алатын педагогикалық кадрларды дайындау мақсаттарын қойды,-дейді семинарда қатысушыларды жазғы сауықтыру алаңдарындағы педагогикалық қызметтің заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздерімен таныстырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, тренері Р.Бабаева.

 

Педагог «Уақытша балалар ұжымының теориясы мен тәжірибесінің педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбында семинар қатысушыларына баяндама оқыды.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы А.Сисенова балалардың жазғы сауықтыру алаңдарындағы тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістерімен таныстырып өтті және «Жазғы демалысты ұйымдастыру - балалар денсаулығын нығайтудың негізі» тақырыбында баяндама оқыды.

 

 

-Ақтау қаласы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жазғы сауықтыру лагерлерінде тәлімгерлердің педагогикалық қызметінің сапасын арттыру шеберханасымен таныстырып, семинар қатысушыларының көңілінен шыға білді.

 

Ботақан» жазғы сауықтыру лагерінің бастығы Л.А.Комордина балалардың ойын бөлмелерін жабдықтау түрлерін көрсетіп, шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

 

«Қызғалдақ» жазғы сауықтыру лагерінің бастығы Б.К.Серикбаева лагерь кезеңінде ұйымдастырылатын таңертеңгілік жаттығу, флэш-моб түрлерімен таныстырды.

 

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің медицина қызметкері Г.Изимбердиева демалыс лагерлеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, тамақтану және әр балаға тиісті орын мөлшері жайлы айтып өтіп, мәселенің маңыздылығын анық көрсете білді.

 

Семинар барысында қатысушылар мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алып, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғай отырып, тәрбиелік жұмыстарды тиімді де қызықты ұйымдастыру бағытында тәжірибе алды.

 

Семинарда белсенділік танытқан мұғалімдерге Алғыс хат және қатысушыларға куәлік тапсырылды,-дейді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, тренері Р.Бабаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему