Бейнеулік оқушы республикалық жас айтыскерлердің байқауында жеңіске жетті
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 23:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеулік оқушы республикалық жас айтыскерлердің байқауында жеңіске жетті

29 Марта 2022 (17:26) | 1973 | Автор: Редакция

Бейнеу ауданындағы Сам орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ерсұлтан Аушанов Алматы облысында өткен "Жыр алыбы-Жамбыл" республикалық жас ақындар айтысында 1 орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтысқа еліміздің барлық өңірінен 20 жас ақын қатысты. Ерсұлтан Аушанов өзінің алғашқы дебютін Алматы облысының жас ақыны Ұлан Тұрсынбекпен өткізді және Айтақын Бұлғақов бастаған қазылар алқасының ең жоғары 10 ұпайымен финалға өтті. Финалда жерлесіміз Қызылорда облысынан келген Дильназ Ержігітовамен айтысып, қазылардан жоғары балл алып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Ерсұлтанның тәлімгері, облыстық және өңірлік айтыстардың жеңімпазы Нұрсұлтан Оңғарбаев шараның ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

- Айтыс керемет өтті. Ұйымдастыру алқасы өте жоғары деңгейде жұмыс істеді. Ал біздің Ерсұлтан - талантты жігіт. Оған қазылар алқасының төрағасы, белгілі ақын Айтақын Бұлғақов суырып салма өнердің шебері, алдыңғы буын ақын ағаларын жерге қаратпады деген өзінің жоғары бағасын берді. Ол маңғыстаулық ақындардың қандай да бір ерекше қасиетке ие, қарқыны жоғары екенін атап өтті. Мұндай бағаның, әрине, біздің мерейімізді өсіретіні, сөзсіз, сонымен қатар ауылымыздың мәдениет саласының жоғары деңгейде дамуының көрсеткіші, - деді Нұрсұлтан Оңғарбаев.

Оның айтуынша, жыл сайын ауданда жас ақындар саны артып келеді. Ең бастысы, жастар айтысқа деген қызығушылықты жоғалтпаса болғаны, өйткені бұл қазақ өнерінің бай мұраларының бірі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему