Ақтауда 28 өртсөндіруші ант қабылдады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 20:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 28 өртсөндіруші ант қабылдады

7 Мая 2019 (00:01) | 2034 | Автор: Нурганым Имашева

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даярлау мектебінде оқудан өткен Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

 

 

Таңертең №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері сапқа тұрды. Бір қадамды нақыштай отырып, салтанатты түрде ту ұстаушы топ өтіп, осы сәтте әрбір қатысушы мен қонақтар оқиғаның тарихи маңыздылығын сезінді.

 

Бұл жолы кез-келген жағдайда отпен күресуге дайын 28 өрт сөндіруші ант қабылдады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша құтқарушылар салтанатты түрде ант берді.

 

 

 

Жеке құрамға арнап Маңғыстау облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев сөз сөйледі:

 

-Азаматтық қорғау органдарының қатарына қосылғаннан кейін сіз адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, еліміздің Конституциясы мен Заңдарын сақтауда жоғары жауапкершілікті өзіңіз қабылдадыңыз. Қазақстан Республикасы мен оның халқына адалдық анты сіздердің жүрегіңізде мәңгі қалады және қызметте сенімді бағдар болады деп сенемін, деді ТЖ Департаментінің басшысы.

 

Сондай-ақ, ТЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы, өртке қарсы қызмет ардагері Мұқанов Сейтмолда сөз сөйледі. Ол жаңадан келгендерді шын жүректен құттықтап, кәсіби қызметте табыс тіледі, ең бастысы – жоғары және құрметті құтқарушы атағын абыроймен алып жүру екеніне тоқталды.

 

 

Одан кейін Қызмет мамандарына құрмет көрсетіліп, ерекше көзге түскендерге атақтар, медальдар мен грамоталар табыс етілді. Өрт сөндірушілер күшімен шағын концерт ұйымдастырылды.

 

Рәсімнің соңғы бөлімінде өрт сөндірушілер дабыл сиреналарының үнімен салтанатты шерумен жүріп өтті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему