Ақтауда шетелдік туристерді қорғау тақырыбы талқыланды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда шетелдік туристерді қорғау тақырыбы талқыланды

11 Мая 2023 (16:39) | 2461 | Автор: Редакция

Жақында суға түсу маусымы басталады. Каспий теңізінде жүзіп, тынығу үшін әлемнің әр бұрышынан Маңғыстау облысына туристер ағылады. Осы орайда Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сауда және туризм салалық кеңесінде суға түсу маусымында туристердің қауіпсіздігін сақтау жайлы мәселе қозғалды.  

Салалық кеңестің төрағасы Сергей Ворожейкин «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Төтенше жағдайлар министрі бұйрығының жобасын  қайта қарау қажет екенін атап өтті.

«Қауіпсіздікке полиция, медицина, төтенше жағдай бөлімі тұтастай жауапты. Демалыс базаларында полиция мен медициналық стационарлық бекеттер орнату қажет. Өрт сөндіру депосы керек. Өйткені демалыс базалары ауданында бірде-бір өрт сөндіру депосы жоқ. Өткен жылы тұрғындардан келіп түскен қоңырауларға жедел ден қою кезінде демалыс базалары ауданында стационарлық полиция бекетін ұйымдастыру мәселесі көтерілді. Судағы оқиғалар кезінде халық қайда жүгінерін білмейді. Белсенді ақпараттандыру немесе үйлестіру орталығын ұйымдастыру қажет»,- дейді ол.

Маңғыстау облысының туризм қауымдастығының басшысы Тимур Әбдікәрімов: «ТЖ қызметкерлерімен жағалауды патрульдеу қауіпсіздікке айтарлықтай көмектеседі, бірақ оның кестесі, басталу және аяқталу уақыты және патрульденетін учаскелер туралы ақпарат жоқ. Суда жүзуге құқықтары жоқ көлік құралдарын қалай басқарамыз? Скутерлермен жаппай кәсіп жүргізетіндер бар. Онымен қалай күресуге болады? Жауапкершілік жайлы түсіндіретін  ақпараттық бейнероликтер мен фотолар қажет. Бұдан әрі 12 жасқа дейінгі балалар теңізде ересектердің бақылауында болуы керек»,- деп атап өтті.

Маңғыстау облысы бойынша ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының м.а. Райымбек Тұманғалиевтің айтуынша, барлық ақпарат құралдары арқылы демалыс базаларының иелерімен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шомылу маусымында кезекшілікті ТЖД мен жергілікті полиция қызметінің күштері бірлесіп күн сайын тыйым салынған және қауіпті учаскелерде жүргізеді.  Қала бойынша 2 тыйым салынған учаске бар. Олар Тарас Шевченко ескерткіші маңы мен Шора каналы. Онда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

«Турист» ЖШС директоры Евгения Слюсарева туристердің қауіпсіздігіне тек суда ғана емес, сонымен қатар өңірді аралап жүріп жоғалатын туристерге де назар аударуды сұрады. Олардың қоңырауларына жауап беру керек. Бұл негізінен карталарсыз, ешкімге белгісіз, өз бетінше саяхаттайтын шетелдік туристер.

Басқосуда туристерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін мамандардың біліктілігі туралы сұрақ та қойылды. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибизада Дүйсенбаеваның айтуынша, туристерге ақылы негізде медициналық көмек бар екендігі айтты.

Кеңесте кәсіпкерлердің санитарлық-гигиеналық жүйе, Қаракөл көлінің мәселесі, көліктік бақылау инспекциясының судағы қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы түрлі мәселелері қозғалды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему