Отанды қорғау – қасиетті борыш
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отанды қорғау – қасиетті борыш

10 Мая 2021 (11:02) | 1431 | Автор: Редакция

1992 жылдың 7 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскеріміз құрылды. Сол себепті осы дата Отан қорғаушылар күні деп белгіленді. Міне, содан бастап мемлекетімізде ерлік, міндет, абыройды қатар алып жүрген жандардың мерекесі әр жыл сай аталып келеді.

Мерейлі мереке күні Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты шара өтті.

Департамент бастығы полковник Мақсат Тастанов отставкадағы полковник, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Қонақбаевқа бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың алғыс хатын табыс етті.

«Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрлыбай Қонақбаев: «Өшпес даң пен өлшеусіз ерліктің өнегесіне айналған бабалар аманатына берік болайық. Баршаңызға амандық, бейбіт өмір, бақ-береке тілеймін. Мереке құтты болсын! Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасай берсін", - деп жылы лебізін білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему