Үш дүркін Азия чемпионы
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үш дүркін Азия чемпионы

13 Июня 2016 (12:32) | 1861 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстаулық балуан Бауыржан Сағынғалиұлы Ашхабадта самбодан өткен Азия Чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, аталмыш халықаралық жарыста Айболат Мұратұлы (100 келі салмақта) және Нұркен Домбаев (57 келі салмақта) қола жүлдегерлер атанды.

-Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатына 17 мемлекеттен 300 балуан қатысып, бақтарын сынады. Байрақты бәсеке самбодан және әскери самбодан өтті. Бұл жолы жарыста облыстың намысын 3 балуанымыз қорғап, үшеуі де үмітімізді ақтады. Жалпы жарысқа елімізден 44 балуан қатысып, оның 42-сі елге жүлделі орындармен оралды,-деп белгілі бапкер Сергей Волобуев Азия Чемпионатының қазақ елі үшін табысты өткені туралы ақпармен бөлісті.

Халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғаған «Жастар» спорт мектебінің балуаны Бауыржан Сағынғалиұлының спортты жанына серік еткеніне биыл - 10 жыл. Білекті балуан бұған дейін жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанған. Одан бөлек, Ригада өткен Әлем чемпионатында қола медальді иеленіп, еліне жеңіс сыйлаған болатын.

- Әрбір жарыстан елге жүлделі орынмен оралу үшін барымды салып күресемін. Бұл жолы Азия чемпионатында 62 келі салмақта күресіп, елге алтын медальмен оралдым.

Боз кілемге бірінші түрікмендік балуанмен шықтым, есеп 8:2 болды, одан кейін қырғыздық балуанды 10:0 есебімен ұттым. Ақтық сында өзбекстандық балуанды жеңіп, Азия чемпионы атандым.

Мені жарысқа дайындаған бапкерлеріме алғыс айтамын. Ендігі меж е- Әлем чемпионатын, Олимпиада шыңдарын бағындыру, - деп үш дүркін Азия чемпионы Бауыржан Сағынғалиұлы өз жоспарларымен бөлісті.

Енді балуандарымыз қазан айында Румыния елінде өтетін Әлем чемпионатына қатысып, бақтарын сынамақ.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему