Сақтандыру шарты бойынша дауды шешуде келісімге келуге ынталылар аз
19 Мая 2017 (17:10) | 2065 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстауда «Сақтандыру мәселелеріне қатысты дауларды қараудың сот практикасы» атты тақырыпта семинар өтті. Іс-шараға азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төраға м.а. Ғабит Бастаубаев және судьялар, сақтандыру компанияларының,адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның өкілдері мен медиаторлар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Ғ.Бастаубаев шараны ашып, қатысушыларға республика соттарында азаматтық іс жүргізуде даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасы іске асырылып жатқанын айтты. Осы орайда аймақта көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарттарын орындау және мүлікті өз еркімен сақтандыру шарттары бойынша істердің жиі кездесетінін айта келе, осы санаттағы даулардың да пилоттық жоба аясында қаралатынын түсіндірді.
Ақтау қаласының №2 сотының судьясы А.Толықбаева осы тақырыпта баяндама жасап, сот практикасындағы сақтандыру заңнамасын қолдану, сақтандыру төлемдерін төлеу, шығындарын өндіріп алу мәселелерін тарқата талдап шықты.
Іс-шарада сақтандыру даулары бойынша медиация рәсімінің қолданылу тәжірибесі туралы кәсіби медиатор Ә.Кемаладиновабаяндады. Ол сақтандыру даулары бойынша татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану маңызды болғанымен, келісімге келуге ынталылар төмен екендігін жеткізді.
Қатысушылар сақтандыру дауларын пилоттық жоба аясында реттеудің тиімді жолдарын ұсынып, өзара пікір алмасты. Бұл туралвы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему