Жергілікті маңыздағы жолдардан ақаулықтар анықталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жергілікті маңыздағы жолдардан ақаулықтар анықталды

20 Июля 2022 (11:34) | 1584 | Автор: Редакция

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау облысы бойынша филиал қызметкерлері 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында жергілікті маңыздағы трассаларда 39 рет бақылау рейдін өткізді, - деп хабарлайды уәкілетті мекеменің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 570-тен астам сынамалар алынып, олардың құрамы зертханалық жолмен талданды. Солардың 10%-і техникалық норматив талаптарына сәйкес келмей шықты. Сондай-ақ 10-нан астам әртүрлі ақаулықтар анықталды.  

Айталық, Маңғыстау ауданында жүргізілген бақылау шараларының қорытындысы мүлдем көңіл көншітпейді.

«Қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан «Шетпе-Қызан» тас жолының 49-85 шақырымында (Тасмұрын-Мәстек учаскесі) асфальт жабындының қалыпты формасы бұзылған жерлер анықталды. Ойылып кеткен және жиегі бұзылған жол бөлігі жиі кездесті. Тіптен, үстіңгі қабаты жарылып, үгітіле бастағандары да бар. Бұл аумақта мердігер мекеме - «Altynzhol group» жұмыс жасауда. Аталған серіктестікке барлық кемшіліктер көрсетіліп, қызметтік хат жолданды» - деді сарапшылар.

Фото ұлттық жол сапа орталығынан.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему