Төрт айда 500 ерлі-зайыпты ажырасқан
Курс валют в Актау
на 23/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Ноября, 15:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төрт айда 500 ерлі-зайыпты ажырасқан

19 Мая 2017 (16:49) | 3260 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Облыстағы әлеуметтік институттар дабыл қақты. Себебі, ажырасқандар саны күрт өскен. Мәселен, былтыр 5223 неке қиылса, 1456 отбасының шаңырағы шайқалды. Ал биыл бұл тіптен еселеп артқан. Бар жоғы төрт ай ішінде 1800 жаңа отбасы құрылып, 500 ерлі-зайыпты ажырасып үлгеріпті. Неке бұзудың сипаттары да өзгерген. Бұрын ер азаматтың ішкілігі себеп болса, қазір негізгі себептердің қатарына интернет пен әлеуметтік желі қосылды. Ажырасу - қоғамның ұлы кеселі. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.

Жанар Шерімбетова некесін бұзбақ ниетте. Себебі, жолдасы интернет арқылы басқа әйелмен танысып, тура жолдан тайған. Бұдан бұрын тап осындай қылығын кешірген жарының сенімін ақтамады.

Жанар Шерімбетова, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Ажырасу - оңай емес. Ажырасқаннан кейін балалардың өмірі, тәрбиесі бар. Сабыр етіп, шыдап көрдім. Бұл бірінші рет емес. Бірінші рет сотқа жүгінгенде, татуласу мерзімін берді. Татуласпадық.

Қазір ажырасқандар саны күрт өсіп отыр. Қазақстанда әрбір үшінші неке бұзылады. Маңғыстау облысы бойынша сандарды сөйлетсек.

Осыдан он жыл бұрын 929 неке бұзылса, 2008 жылы ажырасу саны уақытша тұрақтаған. Ең көп ажырасқандар 2014 жылға келеді. Бір жылдың өзінде 1533 отбасы ойрандалды. Ал, биыл төрт айдың ішінде 519 шаңырақ шайқалды. Соңғы уақытта ажырасудың сипаты өзгерген. "Бұрын адамдар тоңып секірсе, қазір тойып секіреді,-дейді мамандар.

Нұржамал Исламбаева - психолог:

-Әсіресе, ғаламтор - біздің қуанышымыздан гөрі, қайғымызға айналып отыр. Қазір адамдар тоқтықтан ажырасады. Көптеген қыз-келіншектер гардеробын көрсетіп, мақтанады. Сосын, басқалар да соған қызыға қарайды да, жанжал шығарады.

Сайтта әлеуметтік сауалнама жүргізгенімізде, дауыс берушілердің 31 пайызы интернетті кінәлаған, 26 пайыз дауыс беруші ішкілік пен зорлық-зомбылық себеп деп көрсетсе, 25 пайызы ата-ана, туған туыстардың араласуын айыптайды. Бар жоғы 16 пайыз материалдық жағдайды себеп қылған. Ал, қала тұрғындарының пікірі екіге жарылды. Бірі - жұмыссыздықтан десе, бірі ақша көптіктен деп айтысты.

Ажырасуға бірінші болып арыз бергендердің 95 пайызы әйелдер екен. Некенің алғашқы жылдары - қауіпті кезең.

Ләззат Ахмедова - Маңғыстау облыстық ӘД АХАТ бөлімінің басшысы

-Неке бұзудың орта жасы - 20 мен 30-дың арасында. Себебі, сол жастардың бір-бірімен үйренісуі 1-мен 5 жылдың арасында жүреді. Одан ары қарай балалы болады, бір-біріне төзімділікке үйренеді.

Қазір үй болу оңай, алайда ажырасу тіпті оңай болып барады. Абай хәкімнің "Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын" деген нақылының мағынасы енді

ашыла түскендей. Тек ақ некенің қасиетін түсініп, салмағын сезінетін ұрпақ көп болса, қоғамды белең алған көп қиындықтан құтылар ма едік?

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему