Жаңаөзен қаласының тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап ағаш екті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 09:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қаласының тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап ағаш екті

14 Мая 2017 (21:19) | 2635 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы Қазақстан Полициясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларды бастап кетті. Шара аясында басқарма ауласына жас шыбықтар егіліп, тәртіп сақшылары қаланың көгалдандыруына өз үлестерін қосты.

Жаңаөзен қалалық ІІБ басшысы Амангелді Асқарұлы бастаған топпен қатар 25 жас буын мен 25 жыл құқық қорғау саласында қызмет етіп жүрген аға буын өкілдері белсенділікпен игі шараға атсалысты.

-Бұл шараның мақсаты – жаңадан келген жас тәртіп сақшыларына 25 жыл ішкі істер органында еңбек өтілі бар аға буынның үлгі болуымен тек қана өздерінің қызметтерінде ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да атсалыса кірісу қажеттігін ұғындыру.

Жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, оларды аға буыннан үлгі-өнеге алуға, өз қызметтеріне адал болуға ынталандыру, халықтың ішкі істер органына деген сенімділігін нығайту.

Қазақстандық полицейлерді алда келе жатқан мерекесімен құттықтаймын, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілеп, әрдайым халқымыздың тыныштығын қорғайтын жігеріміз, күш-қайратымыз таусылмасын, халықымыз үшін аянбай еңбек етейік! – деді Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның бастығы полиция полковнигі Амангелді Асқарұлы.

Жас буын, Жаңаөзен қалалық ІІБ ӘПТ инспектор полицейі Қабылбек Қаттыбеков:

-Осы шара арқылы біз ішкі істер органдарында 25 жыл еңбек өтілі бар үлкен ағалардан үлгі-өнеге алдық, олар бізді қоғамдық жұмысқа белсене қатысуға, халқымыздың сенімін ақтауға, қызмет барысында адал да, аянбай еңбек етуге шақырып, ақыл-кеңестерін берді

Әлі де болса аға буыннан алатын тәжірибиеміз де, үлгі-өнегеміз де көп деп санаймын. Қазақстандық полицейлердің баршасын келе жатқан атаулы мерекелерімен құттықтаймын! – деді.

Көгалдандырудан бөлек, нысан айналасы толықтай тазартылды. Бұл жағымды жаңалықпен Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаментінің Баспасөз қызметі бөлісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему