Главное » Тыныс
Маңғыстауда тәлімгерлер кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті
15 Июня 2023 (12:08) | 1534 | Автор: Редакция
14 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Тәлімгерлер кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.
Кеңес құрамына аумақтық департамент басшылығымен қатар мемлекеттік органдарда үлкен тәжірибесі мен беделі бар мемлекеттік қызмет ардагерлері де кірді.
Кіріспе сөзінде аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов «Консультативтік-кеңесші органның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында, мемлекеттік басқаруда мол тәжірибеге ие зейнеткер мамандар мен мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік органдар арасында оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін қалыптастыру, мемлекеттік басқару процестерін одан әрі дамыта, бірлесе жұмыс жүргізу болып табылады»,- деп жаңа Тәлімгерлер кеңесінің негізгі мақсатына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес, мүшелердің қолдауымен кеңестің Төрағасы болып Серік Нұрғазыұлы Енсегенов, кеңестің тең Төрағасы болып аумақтық департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов сайланды.
Бұдан соң Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылығы атқарылған қызметтері бойынша тыңдалды.
Өз кезегінде мемлекеттік қызмет ардагерлері өз пікірлерін ортаға салып, жас басшыларға өздерінің тәжірибесі бойынша ақыл-кеңестерін беріп, қызмет бағыттары бойынша ұсыныстары мен бағыт-бағдарын берді.
Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы бұдан әрі қарай мемлекеттік органдар арасында жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
КОММЕНТАРИИ:
Добавить комментарий
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
Зарегистрируйтесь или войдите в систему