Ақтауда тұрғындар «Смайликтер» арқылы дәрігерлер қауымына алғыс білдірді
Курс валют в Актау
на 20/02/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
20 Февраля, 20:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда тұрғындар «Смайликтер» арқылы дәрігерлер қауымына алғыс білдірді

13 Июня 2014 (05:41) | 5619 | Автор: Редакция

 

Жыл сайын елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде - Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Биыл ол күн-15 маусымға сәйкес келіп тұр.

 

Бұл ақ халатты абзал жандардың мерекесі, әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын салатын және қыл үстіндегі адам тағдырын арашалаушы жандардың мерекесі.

 

Осы айтулы күн қарсаңында Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мен «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігі емдеу-сауықтыру мекемелеріне келуші қала тұрғындары арасында ақ желеңді абзал жандарға деген ризашылықтарын білдіру мүмкіндіктерін жасап, «Смайликтер» арқылы өз алғыстарын жазып қалдыру акциясын ұйымдастырды.

 

«Бұл шараның мақсаты-қала тұрғындарының өз ризашылықтарын білдіру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбегін қаншалықты бағалайтынын, оларға деген ізгі тілектерін білдірумен қатар кәсіби мерекелерінің алдында анағұрлым көбірек алғыс алған дәрігерлерді анықтап, марапатқа ұсыну. Осы арқылы қызығынан гөрі қиындығы басым медицина қызметкерлерінің адал еңбегін халыққа паш ету, дәрігерлердің беделін көтеру. Барлық адам басы ауырып, балтыры сыздағанда дәрігерге келеді.

 

№2 Ақтау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Нурлина Айжан Ниятқызына алғысымызды білдіреміз. Барша медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, еңбектері жемісті болып, халықтың алғысына бөлене берсін деген тілегімізді арнаймыз»,-деді «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің басшысы Төлемісов Дәулет Төлемісұлы.

 

 

Акция алғашқы күні 12-маусымда Маңғыстау облыстық ауруханасында өтсе, екінші күні 12-маусымда №2 Ақтау қалалық емханасында ұйымдастырылды. Үшінші күні-13 маусымда аталмыш шара №1 Ақтау қалалық емханасында өтеді.

 

Шара ұйымдастырылған барлық мекемелерде де халық жаппай белсенділік танытып, ем алуға, дәрігердің қабылдауына келгендер өздерінің жанына жаққан ақ халаттыларға шексіз ризашылықтарын білдірумен қатар, кейбірі жүрекжарды тілектерін де жазып жатты.

 

Солардың бірі Ақтау қаласының тұрғыны зейнеткер Ерниязова Арухан апай: «Мен көп жылдан бері қант диабеті және жоғары қан қысымы сияқты сырқаттардан емделіп жүрмін. Соңғы жылдары көзімнің көруі нашарлап, Әсембала Дүйсенова есімді көз дәрігері көз дәрігері көз дәрігеріне қаралып ақыл-кеңестер алып, Алматыға барып емделіп жүрмін. Бұл дәрігердің дұрыс қойған диагнозы мен ұсынған емінің дұрыстығына Алматыдағы дәрігерлер таңданып, біліктілігіне разы болды. Емханадағы сырқаттармен көп әңгімелесем, сол кезде осы №2 Ақтау қалалық емханасының бас дәрігері Төлегенов Бектібай Жаңабергенұлы мен бөлім меңгерушісі Меңдіханов Хадим Мұханбетқалиевичтің басшылық, адамгершілік қасиеттеріне тәнті болып, алғыс айтқандарды көп естимін.

 

Осындай жақсы адамдардың жанымызда көп болғаны біз үшін үкен қуаныш. Барлық дәрігерлер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, биік белестерден көрініп, еңбектері жана берсін, дендері сау болып, аман жүрсін»,-деген тілегін білдірді, ағынан жарыла.

 

Дәрігерлер қауымына алғыс білдіруге асыққандар арасынан егде жастағылармен қатар жастарды да көріп, қуанып қалдық. «Денсаулық-бірінші байлық» екенін әрқайсымыз біле жүрсек оны сақтауға көмек қолын созатын ақ желеңді абзал жандарға деген ризашылығымызды жиі-жиі білдіріп отырсақ ешбір артық етпесі анық.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему