Кәсіпкерлерге қолдау бар
19 Сентября 2017 (19:01) | 1904 | Автор: Нурганым Имашева
«Ашыққанға балық берме, қармақ бер!»- дейді қазақ. Олай болса, жұмыс жасап, «кәсібін ашамын» деген азаматтар үшін қазір түрлі шарттар қарастырылған.
Мемлекет бүгінде еліміздің әр өңірінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарын ашты. Мұндағы мақсат – шаруаға икемі бар, жоқтан бар құрастыратын жандар үшін кәсіптің бағыт-бағдарын тегін көрсету.
Бұрын-соңды егін алқаптарының басы-қасында жүрген бағбандар да, мал шаруашылығын игерген шаруа қожалықтары, тігін мен тоқыманы иіріп, саусағынан бал тамған ісмерлер сондай-ақ, кәсіптің әлі де іргетасын қаламаған жандар өңіріміздегі «Маңғыстау» кәсіпкерлер орталығы мамандарының көмегіне жүгіне алады.
Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 3 бағытқа басымдылық жасайды: Ауылшаруашылық, консалтинг, жобаларды сүймелдеу мен инвесторлармен жұмыс; Тіпті, бизнес жоспарды қалай жасайтынын немесе қалай бастау керектігінен бейхабар болсаңыз аталған орталыққа хабарлассаңыз болғаны.
Сондай-ақ, "Маңғыстау" кәсіпкерлер орталығында түрлі бизнес форумдар мен пікір алмасу, келіссөздер жүргізіледі. Мәселен, былтыр аймақта алғаш рет "Маңғыстау инвистиция күндері" ұйымдастырылып оған 20-дан астам шетелдік инвесторлар қатысқан болатын. Яғни, бизнестің түрлі саласына қатысты ауқымды шаралар осы орталықта жүргізіледі.
Осыдан 2 жыл бұрын ашылған кәсіпкерлер орталығында қазір 50-ден астам маман жұмыс жасайды. Шалғайдағы ауылдықтарға қызмет көрсететін филилалдар бар. Осы уақыт аралығында билік басындағы лауазымды тұлғалар орталықтың жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему