Судьялық қызметке судьялар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 05:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Судьялық қызметке судьялар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар

12 Мая 2017 (17:50) | 4241 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде еліміздің алдағы даму жоспарын белгілеп, жұртшылыққа бес институционалдық реформаны ұсынды. Негізгі бес бағытқа басымдық берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елімізде «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» мәселесіне аса мән беріліп, оның ішінде қазақстандық сот құрылымының кем-кетігін бүтіндеп, халықаралық талаптарға сәйкес болуға мүмкіндік беретін бірнеше оң ұсыныс көзделген.

Соның ең бастысының бірі - судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілген.

Съезде Елбасы: «Судьялар корпусындағы орыннан үміткердің нотариуста, полицияда немесе заңгерлік жоғары оқу орнында емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы қажет. Кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керек. Сол сияқты, қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу де маңызды, одан табысты өткеннен кейін олардың үздіктері судьялыққа сайланады» деген болатын.

Әлбетте, судьялыққа үміткерлердің сот ісін жүргізу бойынша міндетті түрде бес жылдық еңбек өтілінің болуы, бір жылдық тағылымдамадан өтіп, судья лауазымына тағайындалғаннан кейін де бір жылдық сынақ мерзімінен етуі - үміткердің болашақта білікті судья болып қалыптасуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Судья—адам тағдырын таразылайтын, мәртебелі лауазым. Бұл лауазымды игеруге заңгерлік білімі бар әрбір адам құштар болар, бірақ оған лайықты болу үшін тек дипломның болуы жеткіліксіз.

Судьялыққа үміткерде әділ төрелікке кепіл бола аламын деген асқақ мақсат болуы керек. Сот саласында осы мақсатты көздеп, жұмыстың ауырлығына қарамай, кей кездері түнделетіп еңбек атқаратын, жұмыстың қыр-сырын меңгеруге жанын салып жүрген сот мамандары аз емес. Судьялар да оларға өздерінің орнын басатын мамандар ретінде ерекше кеңіл бөліп, тәжірибесімен бөлісіп жатады.

Сот отырысына қатысып, заңдарды меңгеруді басты міндет етіп қойып, судьяның әр қимылын бақылап, өзін-өзі қалай ұстайтынын көзбен көрген, заңдарды оқып қана қоймай, олардың тәжірибе барысында қолданылуын үйренген мамандардың судья қызметіне тез бейімделіп кететініне күмән жоқ.

Қазіргі уақытта судьялыққа үміткерлер бір жыл мерзімге дейін сот саласында тағылымдамадан өтеді және бұл тағылымдамадан сот мамандары да босатылмайды. Бір айырмашылығы - судьялар сот мамандарын атқарып жүрген жұмысының сапасына, күнделікті тәртібіне және жұмысқа деген жауапкершілігіне толық баға бере алады.

Ал, басқа салада жұмыс атқаратын үміткерлер тағылымдамадан өту кезінде негізгі жұмысынан босатылмайды. Сондықтан, тағылымдаман өту барысында олардың судьяның жұмысымен толық танысып, сот мәжілісіне қатысып жүрген мамандар сияқты судьялыққа дайын болуы қиындық туғызады.

Сонымен қатар, жалпы отырыста судьялыққа үміткердің тек заңды меңгергеніне, сoт жұмысымен танысқанына ғана емес, оның жеке басына, тәртібіне, сот жұмысына бейімділігіне және жауапкершілік деңгейіне де баға беріледі.

Сондықтан, соттарда стипендия төленетін, бір жылдық тағылымдамадан өту болашақ судья үшін өте қажет.Судьялық қызметтің бірінші жылында сынақ мерзімінен өту туралы талап та орынды деп санаймын.

 

Қанат Нұрғабылұлы,

Маңғыстау облыстық сотының

Персоналды басқару бөлімінің басшысы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему