Мектептерге контрабандалық тауар таратылып жатыр
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 12:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектептерге контрабандалық тауар таратылып жатыр

30 Сентября 2015 (10:20) | 1416 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мұнайлы ауданының мектептеріне 40 млн теңгенің контрабандалық тауарлары таратылып жатыр. Оқушыларға мұндай сыйлықты облыстық көлік прокуратурасы жасап отыр.

 

 

Ақтауға Қытайдан заңсыз жолмен келген оқу құралдары мен кеңсе тауарлары осыдан үш жыл бұрын ұсталған болатын. Бір вагонның ішінде қалам, дәптерден бастап кетіргіш, кітап қабы деәсіз бе, оқуға қажетті құралдар мен кеңсе тауарлары болған.

 

Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, әлгі тауарлар 39 млн теңгеге бағаланған болатын. 30 тоннаны құрайтын тауар соттың шешімімен иесіз деп танылып, мемлекет пайдасына өндірілген еді. Алайда сот шешімі орындалмай, әлгі оқу құралдары осы уақытқа дейін қоймада жатып қалған.

 

Жуырда су жаңа тауарлар прокурорлардың араласуымен Мұнайлы ауданының әкімдігіне тапсырылды. Әкімдік қызметкерлері жақын күндері аудандағы бар мектеп пен балабақшаларға үлестіріліп беріледі. Осылайша ауыл балалары тегін дәптер, қаламмен қамтамасыз етілмек.

 

Ғалым Байғонысов, Маңғыстау облысының көлік прокуроры:

-Бұдан бұрын біз контрабандалық немесе иесіз деп танылған тауарларды аукцион арқылы сауда-саттықа салып, түскен қаражатты мемлекет пайдасына аударатынбыз. Бұл ұзақ уақытты талап ететін. Заңдарға енгізілген өзгерістерге байланысты биылғы жылдан бастап, осындай тауарларды оларға мұқтаж балалар үйі, мектеп, балабақша, аурухана сияқты мемлекеттік мекемелерге қолма-қол тапсыру мүмкіндігі туды.

 

Дәл осы жолмен биыл Маңғыстау облысының көлік прокуратурасының қызметкерлеріжергілікті атқарушы органдарға жалпы құны 560 млн теңгені құрайтын тауарлар тапсырған. Атап айтқанда, Ақтау қалалық әкімдігіне 520 млн теңгенің тауары берілді. Оның ішінде парфюмерия, иіссулар, киім-кешек, аяқ киім, төсеніштер бар.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему