Аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандар ұсталды
11 Мая 2017 (17:01) | 2095 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының үш азаматы ұсталды. Олар есірткіні оңтүстіктен жүк көлігімен жеткізген. Жүк көлігіне көкөніс тиеп, оның астына 400 келіге жуық марихуана мен 6 келі 800 грамм гашишті жасырған. Күдіктілер көліктегі көкністерді сатып тұрған кезде қолға тсүті. Полицейлер тінту барысында 14 қап марихуана мен 3 қапшық гашиш тәркіледі. Ұсталғандар кінәсін толық мойындап отыр. Қазір оларыдң үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер қылмыстары толық дәлелденсе Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297 бабының 3-ші бөлігінде көрсетілгендей 10-15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему