Алимент төлемеген әке
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алимент төлемеген әке

28 Декабря 2016 (23:00) | 2361 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталушы М. ҚР ҚК-нің 139-бабымен балаларын күтіп бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сотталды.

Сот отырысында сотталушы М-ның ұзақ уақыт бойы өзінің балаларын күтіп бағу үшін алимент төлемегені анықталды. Соның салдарынан оның алимент бойынша қарызы 215 060 теңгені құраған.

Сотталушы М-ның айтуынша алимент төлемеуінің себептері – жұмыстың жоқтығы және оның денсаулық жағдайы.

Сотта жәбірленуші А. бір баланы жалғыз бағып отырғанын, сотталушы ешқандай материалдық көмек көрсетпейтінін, жәбірленуші пайдасына 2013 жылғы 15 тамызында дүниеге келген Н атты кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағу үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің ¼ бөлігі мөлшерінде алимент төлеуге міндетті бола тұра алимент бойынша қарызды өтеуге шаралар қолданбаған.

«Сотталушы М. 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» №27-VI Заңының 2-бабының 1-бөлігіне сай жазадан босатылды және оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды»,-деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему