Дарынды балалар Мәскеуден жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 16:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дарынды балалар Мәскеуден жүлдемен оралды

5 Мая 2017 (17:51) | 2141 | Автор: Мира Ботабекова

 

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының оқушылары Ресей астанасы Мәскеуде өткен «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жобалар сайысынан жүлдемен оралды.

 

Әлемнің бірнеше елінен жиналған жас ғалымдар бәсекесінде маңғыстаулық дарынды балалар үздіктер қатарынан көрінді.Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының 6 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, С.Көшер, А.Жетіру, А.Бермухамедов, Ә.Темірханов, Б.Бектұров және А.Ермекбаевтар 5 алтын және 1 күміс алқаны қанжығаға байлап қайтты. Олардың зерттеген ғылыми жобалары өз салаларында үздік деп танылды. Оқушылардың жеңімпаз атануына мектеп-интернатының мұғалімдерімен қатар жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог – 2015» байқауының жеңімпазы Атамұратова Роза Жолдыбайқызы зор үлес қосты. Оқушылардың ғылыми жобаларына Роза Жолдыбайқызы жетекшілік етті.

 

Мектеп қабырғасында халықаралық байрақты бәсекеде алтыннан алқа тағып оралған оқушылардың құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының ұжымы, ұстаздар мен оқушылар жеңімпаздарға ақ тілектерін арнады.

 

Рысты Нұрбасинова, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының директоры:

 

-Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Роза Атамұратованың жетекшілігімен бірнеше оқушымыз халықаралық ғылыми жобалар сайысында жүлдегер атанды. Осылайша мектебіміздің мерейін үстем етті. Бұл жеңіс тек Маңғыстау облысы үшін ғана емес, еліміз үшін де үлкен абырой. Аталмыш жетістік еліміздегі білім саласында жасалап жатқан жүйелі жұмыстар мен тынымсыз еңбектің нәтижесі деп білемін.

 

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында 436 оқушы білім алады.

 

 

 

 

Клара Нармұхамедова,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему