Ақтауда макарон өндіріледі
3 Мая 2017 (17:47) | 3006 |
Автор: Мира Ботабекова
Бұдан былай ақтаулықтар жергілікті макарон өнімдерін тұтынбақ. Аймақта макарон өнімдерін шығаратын цех ашылды. Мемлекеттік бағдарламаның аясында жұмысын бастаған мекеме сағатына 1000 келі өнім өндіреді. Әлеуметтік жобаны аймақтағы ірі нан шығарушы «Mega bread» ЖШС-нің иелері жүзеге асырып отыр.
Аталған цехта 3 ауысыммен 50 адам жұмыс істейді. Солардың бірі, бас технолог Ұлжан Нұрғалиева. Ол әр 2 сағат сайын макаронды тексеріп, оның сапасын жіті бақылайды.
Ұлжан Нұрғалиева - бас технолог:
-Айлығы уақытылы. Жұмысым өзіме өте қызықты. Барлық макарон өнімдері өте сапалы. Итальяндық техникада жасалған.
Өндіріс ошағы заманауи италяндық техникамен жабдықталған. Мұнда макаронның 7 түрі шығады. Мекеме басшылығы Маңғыстаудан шығатын отандық өнімді өзге өңірлерге де экспортқа шығаруды көздейді.
Айтжан Сауғабаев, «Mega bread» ЖШС-нің басшысы:
-қазір 400-900 грамдық өнім шығарамыз. Алдағы уақытта 2-5-10 килограмдық қылып шығарамыз. Қазір басқа облыстарға шығаруға жұмыс жасап жатырмыз. Өзге де Республикаға да жіберуді көздеп отырмыз. Жақында Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Қытайда болдым. Сөйлесіп жатырмыз.
Өндіріске керекті шикізат Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысынан алынады. Бұл да отандық кәсіпорындардың өзара ынтымақтасуының арқасы, дейді цех қызметкеелері.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему