Роботтар футболы
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Роботтар футболы

2 Мая 2017 (19:44) | 3360 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехникадан аймақтық олимпиада өтті. Маңғыстау облысында екінші рет өткізілген роботтар сайысына 47 команда (әр командадан 2 оқушы) қатысты.

Олимпиаданың басты  мақсаты – нақты ғылымдарға қызыққан оқушылардың қауымдастығын құрып, өзара шығармашылық байланыс орнату, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, жоғары технология және инновация саласына қызығушылықты арттыру, болашақ мамандықты таңдаудағы пәнаралық байланысты нығайту, робототехника бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуын,  сондай-ақ робототехникалық жүйені құру бойынша ғылым және техника саласына назар аудару, қазіргі замандағы ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту.

Жарыс төрт категория, яғни, негізгі, шығармашылық, роботтар футболы және еркін категория бойынша өтті.

-            Облыстық олимпиаданың былтырғы жарыстан бірнеше ерекшелігі бар. Өлкемізде жарысқа қатысып отыған орта мектептер саны былтырғыға қарағанда көп. Десе де, зияткерлік мектептен қатысушылар басым. Сонымен қатар, биылғы жарыс категорияларына тағы бір категория қосылды. Бұл «еркін категория» деп аталды. Аталған категория орта мектептегі, орталықтардағы оқушылардың робототехникаға қызығушылығын ояту мақсатында енгізіліп отыр, - дейді олимпиаданың бас төрешісі Алқуат Казиев.

Жарыс нәтижесінде  негізгі категория  бойынша, негізгі топта «HitechNIS» командасындағы Сағынбек Талғатұлы мен Әмірбек Сағызбаев (Ақтау НЗМ), үлкен топта «Kazcomet» командасының мүшелері Арман Жұмахан мен Жандос Махмутов (Ақтау НЗМ)  жеңіске жетті. Ал шығармашылық санатында орта топта «EcoBot-2017» командасының мүшелері Арман Амантайұлы және Асқар Ғаламмадин (Ақтау НЗМ), үлкен топта Айжұлдыз Надирханова мен Гүлден Амантаева («Кибер Шкипер» командасы, Ақтау НЗМ) бірінші орынға ие болды. Ал роботтар футболында «TEAM of CABIA» командасындағы Бекзат Мұстафа мен Нұрберді Мырзабай (Ақтау НЗМ) жеңімпаз атанды. Еркін категориядағы «Сумо роботтар шайқасында» «Iota» командасының мүшелері Жадырасын Шұғаев пен Дархан Оңғарбаев (Жаңаөзен БИЛ) роботтары бірінші орынға лайық деп танылды. «Кегельрингте» бірінші орынға «Тапқырлар» командасындағы Бегарыс Досчанов пен Бердаулет Қайырбаев (Оқушылар шығармашылық үйі) ие болды. «Траектория» сайысында бірінші орын «Roboland» командасындағы Хазрет Өнербай мен Рамазан Алашевқа (Ақшұқыр мектеп лицейі) бұйырды.

Айта кетейік, робототехника байқауы World Robot Olympiad (WRO) ұйымының бастамасымен 2004 жылдан бастап ұйымдастырылады. Ұйымның Қазақстандағы ұлттық операторы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы. Осыған байланысты жыл сайын республиканың түкпір-түкпіріндегі жас таланттар робот құрастырудан жарысады. Жарыс Маңғыстау облысы бойынша биыл екінші рет өткізілді. Аймақтық олимпиадада негізгі, шығармашылық және футбол категорияларында І-орынға ие болған оқушылар, маусым айында EXPO-2017 көрмесінде республикалық WRO-олимпиадасында бақ сынайды деп жоспарлануда. Бұл жерде жеңіске жеткен команда ұлттық құрамаға ілініп, дүнижүзілік робот олимпиадасына қатысады. Биыл дүниежүзілік олимпиада қараша айында Коста-Рика қаласында өтеді.

Анықтама үшін:

«Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдерді оқыту  Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында 2016 жылдың 6 маусымынан бастап 22-шілдесі аралығында өткізілді. Бұл уақыт ішінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 қызметкері жаттықтырушы ретінде оқыды. Кейін олар Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептерінің 114 информатика пәні мұғаліміне «Робот техникасы»  біліктілікті арттыру курстарын жүргізген еді.

Курстың бағдарламасы орта білім берудің қазақстандық жүйесіне енгізілетін педагогикалық инновациялар мәтінінде әзірленді. «Робот техникасы» элективтік курсында педагогтер Lego mindstorms EV3 және NXT Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен танысты.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде STEM қағидаларына негізделген «Робот техникасы» курсы тұрақты жүргізіледі: бұл science (ғылым), technology (технология), engineering (инжиниринг) және mathematics (математика) бойынша оқытылады, оның міндеті нақты ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану болып табылады. «Робот техникасы» курсын оқыту оқушылардың инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему