Ақтауда оқушыларға арналған спорттық-әскерилендірілген эстафета өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда оқушыларға арналған спорттық-әскерилендірілген эстафета өтті

7 Февраля 2020 (15:09) | 2179 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін «Кәсіби бағдар» жобасы аясында №1 орта мектебі және №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің оқушылары  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2018 әскери бөліміне барды.

 

 

Далалық оқу жиынында оқушылар қару-жарақ түрлері мен әскери техникалар, иттерді оқытуды ұйымдастыру, әскери қызметкерлердің қолмен ұрыс жүргізу дағдыларымен танысты.

 

Оқушылардың далалық-оқыту жиынын басқарған 2018 әскери бөлімінің Десанттық шабуылдау мотомоневрлік тобының бастығы майор Орақов Нұрбек Рахымбекұлы:

 

 

 

-Бұл жиынды өткізудегі мақсатымыз - болашақ сарбаздарды әскери өмірге дайындау, оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушылар мұнда техникалық, атыс, саптық дайындықтармен қатар әскери қызмет негіздері бойынша тәжірибе жинайды.

 

Олардың арасында болашақта әскери училищеге, институтқа түсемін дегендер де бар. Сондықтан да, оларға әскери тәртіп пен құрмет көрсету әдістерін үйреттік, әрқайсысымен жеке жұмыс жасауға тырыстық,- деді.

 

 

 

Жиын барысында оқушыларға арналған спорттық-әскерилендірілген эстафета өтті. Жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеудің күшейтілуін көздеген, далалық-әскери оқуларға атсалысқан оқушылардың дайындығы бұл азғана уақыт ішінде жоғары деңгейде қалыптасқанын өз көзімізбен көрдік.

 

 

-Командалар саптық сайыста, спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен күш сынасты. Жалпы командалық көрсеткіш бойынша №1 мектеп - бірінші орынды, №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі - екінші орынды иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды.

 

Бір күндік әскери-далалық жиында оқушылар алғашқы әскери дайындық пәнінен меңгерген дағдыларын тәжірибелік түрде пысықтады.

 

 

 

 

Шара жас ұрпақтың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, болашақ Отан қорғаушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыруда мәні зор болды,- деп хабарлайды шараны ұйымдастырушы Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары.

 

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему