Ақтауда ұстаздардың шеберлігін шыңдауды мақсат еткен басқосу өтті
30 Апреля 2017 (13:06) | 2434 | Автор: Нурганым Имашева
"Өркениетті келешек" қоғамдық қоры Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Аула клубтарындағы үйірме жетекшілері мен технология пәні мұғалімдерінің көркем-эстетикалық (сәндік-қолданбалы өнер) бағытта республика көлемінде іс-тәжірибе алмасуын ұйымдастыру» жобасы аясында мектеп мұғалімдері мен аула клубтары жетекшілерін түрлі материалдан өнімдер шығаруға арналған оқу-тәжірибелік мәні бар кешенді шаралар өткізуді қолға алды.
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында 25-26 сәуір күні ұйымдастырылған шеберлік сыныбында мұғалімдер өз қолымен жүнді өңдеп, одан тұрмысқа қажетті заттар мен сувенирлер, фетрден сөмкелер мен отырғышқа төсейтін кілемшелер және т.б жасауды үйренді.
Сонымен қатар қоғамдық қор технология пәні мұғалімдері мен үйірме жетекшілерінің еліміздің өзге аймағына тәжірибелік іссапарға баруын ұйымдастыруды өз жұмыс жоспарына енгізіп қойғаны белгілі болды. Іссапарға барған 20 мұғалім мектептер мен аула клубтарын аралап, өзге өңірлерден үйренгендерімен бөлісу мақсатында дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптарына қатысады.
- Маңғыстау облысы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмай сақталған, сонымен қатар туризмді дамыту мүмкіндігі бар өлке. Мұғалімдерді қолданбалы өнерге үйрете отырып, біз тек оқушыларды еңбекке баулып қоймай, оның үстіне аймағымызда кәсіпкерліктің және туризмнің дамуына үлесімізді қосамыз, себебі туристерді өңірімізге тарта отырып, біз оларға ұлттық нақыштағы түрлі сувенирлер мен қолдан жасалған заттарды ұсынуымыз керек.
Оқып, тәжірибе алмасқан 20 мұғалім мен үйірме жетекшілері жоба аяғында өзге мектептердегі өз әріптестеріне кеңейтілген семинар-практикум жүргізеді. Осылайша біз көпшілік мектепті қамтимыз. Шынын айтқанда барлығы да мектептен басталады ғой, облысымыз бен еліміздің экономикасын көтеретін болашақ жастарымыз қазір мектеп қабырғасында оқып жатыр, - дейді «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлбаршын Қарабалина.
Оның айтуынша, «Шаралар мен сауалнамалық жұмыстар жүргізу барысында мұғалімдердің қажеттіліктері мен пікірлері анықталады, осының негізінде қоғамдық қор мамандары қызығушы тараптарға, яғни білім басқармасына, өзге білім мекемелеріне, ҮЕҰ-на ұсыныс беру мүмкіндігіне ие бола алады».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему