Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрында  өрт-тактикалық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 12:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрында өрт-тактикалық жаттығуы өтті

30 Апреля 2017 (09:55) | 2818 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Мамыр айы мерекелерін өткізу қарсаңында, Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрында нысан қызметкерлерінің өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-әрекетте жұмыстануға, сондай-ақ адамдарды құтқару және шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық тапсырмаларды шешуге, өрт сөндіру жетекшілерінің дайындығы деңгейлерін анықтауға бағытталған жоспарлы өрт-тактикалық жаттығуы өтті.

Облыстық драмалық театр – бұл өртті сөндіруде күрделі ғимарат, шынайы өрт туындаған жағдайда көп адам зардап шегуі мүмкін. Дәл сол үшін өрт немесе кез-келген басқа да оқиғалар кезінде іс-әрекет үрдісі дағдылы түрде жұмыстануы қажет.

Жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, драма театрдың бет әрлеу бөлмесінің аумағындағы электрсымдарының қысқаша тұйықталуының нәтижесінде шартты өрт орын алады. Жалын лезде бет әрлеу бөлмесіне таралып, түтін аумақты түгел қамтыды.

Орын алған жағдай туралы дереу Өрт сөндіру қызметі күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчеріне ақпарат түсті, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру басталып кетті. «101-ге» қоңырау шалған драма театр қызметкері Ақтау қаласы № 1, № 2 және № 8 өрттен құтқару бөлімдерінің жуынгерлік есептерін күтіп алды, өрт орны мен қауіпсіз жерге көшірілгендер санын баяндады. Алайда, оның сөзіне қарағанда түтінденген аумақ ішінде Өрт сөндіру қызметінің шұғыл көмегіне зәру адамдар қалған еді.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Газ түтінінен қорғау қызметінің буындары іске кірісті. Өрт сөндірушілер анықтаған зардап шегушілер медицина және апат орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұл уақытта № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары театр ғимаратының шатырынан автосаты арқылы екі зардап шегушіні қауіпсіз жерге алып шықты, оның біреуі ес-түссіз жағдайда болғандықтан медицина және апат орталығының мамандарына жеткізілді.

Жаттығу процесінде Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің міндеттерін күрделірек танытқан жаңа ендірмелер мен тапсырмалар жүргізілді, дегенмен олар бұл тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Өрт сөндіру-құтқару есептері барлық аймақта шартты өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, шартты жану ошағын жойды және жалын таралуына жол бермеді.

* Жаттығу барасында, ең алдымен, нысан қызметкерлерінің жану

жағдайы кезінде оқиға туралы құтқару қызметіне уақытылы хабарлау, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, алғашқы өрт сөндіру шараларындағы әрекеттері өңделді. Сонымен қатар, Маңғыстау гарнизоны бөлімшелерінің жауынгерлік есептерінің шұғыл әрекеттері, газ түтінінен қорғау қызметі буындарының жұмыстарының үйлесімділігі сыналды. Нәтижесінде барлық жұмылдырылған қызметтер үйлесімді және кәсіби әрекеттерін көрсетті, – деп атап өтті Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Селимов Назарали.

Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, «Жаттығуға барлығы жеке құрамнан 80 адам қатысып, 19 бірлік өрт сөндіру және арнайы техникалар, сонымен қатар 5 бірлік қаланың қызмет техникалары жұмылдырылды».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему