Маңғыстау облысы аумағында мектеп түлектері құтқарушы мамандығының қыр-сырымен таныстырылуда
18 Января 2019 (09:19) | 1991 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қазіргі таңда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді жинау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы жай ғана мамандық емес! Өрт сөндіру мамандығын игеру үшін адамдарға жылдам шешім қабылдау, күшті, жауапкершілікті, қатаң мінезді, еркін, жылдам іс-әрекет жасау қабілетіне ие болу қажет. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқып жатқан оқушыларға дұрыс мамандық таңдауда азаматтық қорғау қызметкерлері көмектесуде.
Сонымен қатар №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшылығы Жаңаөзен қаласындағы №1, №6 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына арнап, ашық есік күнін ұйымдастырды.
-Оқушыларға Көкшетау Техникалық Инстутына құжат тапсыру ережелерін және абитуриенттерге қойлатын негізгі талаптар, сонымен қатар казармадағы өмір жайлы, оқу орнындағы заманауи технологиялар жайлы ақпарат берілді, сонымен қатар өрт сөндірушілердің жауынгерлік кезекшіліктегі бір күндік тұрмыс-тіршілігі таныстырылды.
Өрт сөндіру техникаларымен өрт техникалық құрал-жарақтар көрсетілді.
Жоғары сынып оқушылары өрт сөндірушілермен сұхбаттасты, Көкшетау Техникалық Институтының оқыту жүйесіне жоғары қызығушылық танытты.
Барлық қатысушыларға өрт сөндірушулер тарапынан ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық Институтына оқуға түсу ережелері бар жадынама таратылды,-деп хабарлайды біздің басылымға жолдаған ақпаратта Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Суреттерді түсірген баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему