Дәрігерлер қайырымдылық шарасын өткізді
27 Апреля 2017 (12:43) | 1804 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда дәрігерлер арасында өткен жайдарман сайысы өз мәресіне жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған жарысқа аудан мен қалалардан 6 команда қатысты. Кештен жиналған қаражат қос қолынан айырылған Балғынбек Баяқтиярға табысталды. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлады.
Бұл сайыста терапевтен бастап, бас дәрігерлерге дейін бар. Күнделікті медициналық құралдарды микрафонға ауыстырып, сахнаға шықты. Әзіл ойнап, көпшіліккке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осылайша Балғынбектің арманына бір қадам жақындай түсуіне септігін тигізді.
Клара Оралбаева - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Қатысушылардың барлығы қазір қайырымдылық жасап, үлестерін қосып, қаражат жинақтап жатыр. Сол жинақталған қаражатты сайыстың соңында Балғынбекке жолдағалы отырмыз. Оның денсаулығының жақсаруына өз үлесімізді қосамыз. Бірініші байлық - денсаулық. Біз өзіміз денсаулық сақшысы болғандықтан осы бағытта жұмсауды дұрыс деп санаумыз.
Медицина қызметкерлері арасындағы көңілді тапқырлар ойынына барлығы 6 топ қатысты. Әр топ сәлемдесу және еркін сайыс бойынша сынға түсті. Сайыстың тағы бір талабы сахнада көрсетілген әзілдер денсаулық сақтау саласына байланысты болуы керек.
Бейбіт Есенов – қатысушы:
-Осы жайдарман Балғынбек інімізге ағалары атынан көмек. Осы жарыста Маңғыстау облыстық психоневрологиялық диспанцер мен Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы болып бір команда болып біріктік. Балғынбек інімізге демеу болып. Біз сенімен біргеміз, ешқашан мұңайма.
Денсаулық сақшылары ұйымдастырған қайырымдылық шарасында 328 мың теңге жиналды. Оны көпшілік алдында Балғынбектің туыстарына табыстады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему