Іскер әйелдер «Үміт бер» шарасын өткізді
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 04:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Іскер әйелдер «Үміт бер» шарасын өткізді

24 Апреля 2017 (18:12) | 1733 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстаудың іскер әйелдері ауыл-аймақты аралап, мүмкіндігі шектеулі балалардың арасынан таланттыларды іздеп жүр. Олар тағдырдың жазуымен мүгедек болып туған балақайларды жарыққа шығарғысы келеді. Осы мақсатта «Маңғыстау облыстық іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Үміт бер» шарасын қолға алған. Осыған дейін Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған және Маңғыстау аудандарында өткен акция Қарақия ауданында жалғасты. Аудан орталығында арнайы байқау ұйымдастырылып, балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Алты жасар Ақбөбек болашақта әнші болғысы келеді. Туылғаннан көзі мүлдем көрмейтін балақайдың есте сақтау қабылеті өте жоғары. Әнді 1-2 тыңдағаннан-ақ жаттап алады. Қазірдің өзінде қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдеріндегі бірнеше әнді жатқа айтады. «2016 жылы біздің Құрық ауылында мүгедек балаларға арналып түзету кабинеті ашылды. Сол кабинетке барғалы Ақбөбекте көп өзгеріс пайда болды. Әртүрлі шараларға қатысып, ән айтатын болды, әнге құызығушылық, ойлау қабелеті күшейе түсті. Бар арманым - Ақбөбегім қатарынан кем болмаса екен деймін, ән айтып, Қазақстан еліне өз үлесін қосса екен деймін»,-деп Ақбөбектің анасы ойымен бөлісті.

Қарақия ауданының орталығы Құрықтағы мәдениет үйіне аудандағы барлық ауылдан Ақбөбек сияқты 39 бала жиналды. Олар үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсетті. Бірі ән айтты, енді бірі биледі, өлең оқыды, тіпті ертегі қойып, қуыршақтарды сөйлеткен балалар да болды.

Тағдырдың жазуымен мүгедек болып туылған балалардың мүмкіндігінде шек жоқ. Бірі үйде отырып кесте тігіп, киім тоқыса, енді бірі ағаштан түрлі бұйым жасаған. Бармағынан өнер тамған балалардың қолынан шыққан дүниелер көрмеге қойылды.

Сәуле Жақаева, «Маңғыстау облыстық іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Бізде төрт қабырғадан шыға алмай, өнері тұмшаланып жатқан балалар өте көп. Талантты балалар жетерлік. Біз ауыл-ауылды аралап, сол балаларды сүйеп, жарыққа шығарғымыз келеді. Бала жанының ауырғаны анаға батады ғой. Біз анамыз. Сондықтан да осы балаларымызға үміт бергіміз келеді. Мәселе әнші не биші болып кетуде емес, бар мақсатымыз – өмірде өздеріне лайықты орынды табуларына көмектесу. Қолымыздан келгенше балаларға қолдау көрсетеміз.

Қарақия ауданы бойынша бас жүлдені арбаға таңылған Жайнагүл Мұратқызы жеңіп алды. Ол «Анашым» әнін нақышына келтіре орындады. Өнерін ортаға салған балалардың барлығы іскер әйелдердің сый-құрметіне бөленді. Қаржылай және заттай сыйлықтар үлестірілді. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы тарапынан барлық аудан, қалалық байқаудың жеңімпаздарына Астанада өтетін «Экспо» көрмесін тамашалауға жолдама берілмек. Олар халықаралық көрмеге өздері ғана емес, туыстарымен бірге бара алады. Іскер әйелдер қауымдастығының 20 жылдығына арналған шара алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында жалғасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему