Сот төрелігінің жеті түйіні
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот төрелігінің жеті түйіні

3 Июня 2019 (15:06) | 5230 | Автор: Нурганым Имашева

2018 жылдың басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынды. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба, «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды.

 

Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру.

 

Айта кету керек, бұл жұмыс жобалық менеджмент тәсілі бо­йынша жүргізілуде. Ол тәсіл барлық дамыған мемлекеттерде және жетекші компанияларда кеңінен қолданылуда. Қазақстанның Жоғарғы Соты Жобалық офисті ТМД елдері соттарының ішінде бірінші болып іске қосқанын да ерекше атап өтуге болады. Жобалық менеджмент бүгінде бүкіл әлемде кеңінен қолданылып жатқан басқарудың озық тәжірибесі болып табылады. Жобалық офистің ішкі бөлігі «open space» - ашық кеңістік қағидаты бойынша қызметкерлер  бір-бірін көре отырып, қойылған міндеттерді бірлесе шешетін командалық жұмысқа негізделіп жасалған. Жобалық менеджмент нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған және қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. «Сот төрелігінің «7 түйіні» жобасы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыра түсуге және сот төрелігінің әділеттілігін, оның жауапкершілігі мен тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасы мен судьялардың біліктілігін арттыру арқылы құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. Солардың бастысы «Мінсіз судья». Халық сенімі мен құрметіне ие болуда судья жұмысының маңызы өте зор, яғни сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. «Үлгілі сот» жобасының мақсаты - сот төрелігі жүйесіне халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

 

«Әділ процесс» аясында соттың әділ­дігі мен объективтілігіне қоғамның көңілі толмау себебін анықтау, сол арқылы халықтың сот төрелігін нақты бағалау механизмін дайындау жоспар­ланған. «Е-сот» шеңберіндегі халық пен сот қызметкерлерінің ІТ-қызметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызылу үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер жасалады. Нәтижесінде судьялар жұмысы жеңілдеп, сотқа жүгінушілер әуре-сарсаңы азаяды. Сондай-ақ «Е-СОТ» жобасының негізінде сот саласында дыбыс-бейнетіркеу жүйесін қолданып, қағаз айналымын барынша азайту мақсат етіліп отыр. Қылмыстық іс бойынша да электронды сот ісін жүргізу кеңінен қолданылуда. Тараптардың сотқа келмей-ақ процеске қатысу мүмкіндігі артуда. Адамдар үйінде, жұмысында немесе шетелде жүріп-ақ сот процесіне гаджет арқылы қатысуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық соттар 100 пайыз деңгейде ғаламторға қосылған. Судьялар электронды үлгіде қылмыстық сот төрелігі бойынша да жұмыс істеуге дайын.

 

«Оңтайлы орта» бағдарламасы қоғам мен соттар арасында тиімді қарым-қатынасты орнатуға арналған. Сот актілерінің түсінікті жазылуы мен олардың орындалуы өзектілігін жоймайтын мәселе. Сапалы нәтижеге жету қоғамның сотқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертудің бір парасы. Сондықтан, қабылданған сот шешімінің уәждері түсінікті және анық болуы тиіс. «Сот­сыз татуласу орталығы» аясында бү­гінде аза­мат­тарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар және сот орындаушылар көмек көрсетеді.

 

Сондықтан сот саласын жаңа бір сапалық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жобасынан әлі де күтер үміт мол! Атқарылып жатқан істердің барлығы ел азаматтарының игі­лігі үшін жүзеге асырылуда.

 

Мейірлан Дәулетов

Ақтау қаласы №2 сотының

Бас маманы- сот мәжілісінің хатшысы

 

 Суреттер turkystan.kz, kazakh-tv.kz , bestnews.kz  сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему